Басқару

Бюджеттің атқарылуы: Елбасы Есеп комитетінің төрайымын қабылдады

«Кездесу барысында Мемлекет басшысына Есеп комитетінің 2018 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы баяндалды», - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан28 Ақпан , 23:47

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Есеп комитетінің бюджет қаражатына мұқият болып, оның тиімді игерілуіне терең талдау жасаудың маңыздылығын атап өтті.

– "Есеп комитетінің негізгі міндеті – мемлекеттік бюджеттің тиімді жұмсалуын қадағалау. Сіздердің алдарыңызда бақылау ісінен аудитке көшуге байланысты жаңа міндеттер тұр", – деді Елбасы.

Есеп комитетінің төрайымы республикалық бюджеттің тиімді жұмсалуына аудит жүргізу барысы және осы саладағы әлемдік тәжірибені зерттеу нәтижелері жөнінде мәлімдеді.

– "Біз тиімділік аудитіне көшу жұмыстарын жалғастыра береміз. Былтыр жалпы сомасы 430 миллиард теңге қаражатқа байланысты тәртіп бұзушылық анықталды. Егер бухгалтерлік есепсіз нақты қаржылық тәртіп бұзушылықты алсақ, оның мөлшері 16 миллиард теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіш 2017 жылы 70 миллиард теңге болған еді. Осылайша, қаржылық тәртіптің жақсара түскені байқалады", – деді Наталья Годунова.

Есеп комитетінің төрайымы мемлекеттік және салалық бағдарламалар бюджетінің тиімділігіне жүргізілген бағалау нәтижелері жөнінде мәлімет берді.

Сондай-ақ, экономикалық және қаржылық жоспарлау сапасын арттыру үшін Үкіметпен бірге қабылдаған шаралар туралы баяндады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Есеп комитетіне «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде мәлімделген әлеуметтік бағдарламалар мен бастамалардың жүзеге асырылуына тиісті бақылау жасауды тапсырды.

Назарыңызға:

Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке келді

 




Яндекс.Метрика