Басқару

Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған – Съезд туралы пікірлер

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сенат депутаттары «Нұр-Отан» партиясының XVIII Съезінің тарихи шешімдерінен туындаған міндеттер туралы пікірлерін білдірді.
Нұр-Сұлтан28 Ақпан , 11:12

«Нұр Отан» партиясының съезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейіне қол жеткізуді негізгі басымдық ретінде атады. Парламент Сенаты Елбасының жаңа әлеуметтік доктринасын заң жүзінде қолдауды қамтамасыз етеді. Мемлекет 2019-2021 жылдары негізгі әлеуметтік міндеттерді шешу үшін бюджеттен 2,3 триллион теңгеден астам қаржыны қосымша бөледі. Қазіргі дүниедегі мемлекеттердің ішінде халқының санына қарай табысы аз азаматтарға осындай ауқымды әлеуметтік көмек көрсететін елдер аз», - деп жазды Қасым-Жомар Тоқаев.

Өз кезегінде   Сенат депутаты  Сергей Ершов   Елбасы   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастаған «Нұр Отан» партиясы екі онжылдықта адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін ауқымды реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырып келе жатқан танымал партияға айналғанын  жеткізді.

«Съезд делегаттары «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі дамудың жаңа бағдарламасын қабылдады. Онда стратегиялық мақсаттың ауқымы мен алдағы онжылдықтағы қоғам мен мемлекет дамуының негізгі бағыттары айқындалған. Мемлекет басшысының әлеуметтік қолдауды күшейту және Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі ауқымды шаралары ұсынылған «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі тарихқа енді. Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеру, аз қамтылған азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу, білім беру мен денсаулық сақтауды жақсарту, өңірлерді кешенді дамытудың бірінші кезектегі міндеттері белгіленді. Осылайша, халықты мемлекеттік қолдаудың ауқымды шаралары іске асады», - деді С.Ершов.

Қомақты әлеуметтік инвестициялар халықтың мемлекеттік қолдауды қажет ететін әртүрлі топтарын қамтиды, оның ішінде табысы төмен отбасылар да бар.

«Күнкөрістің төменгі деңгейі бойынша атаулы көмек көрсету шегін 70 пайызға арттыру арқылы табысы аз отбасыларды қолдау ауқымы ұлғаяды. Көп балалы отбасылардағы әрбір балаға ең төменгі төлем 20 789 теңгені құрайды. Сонымен қатар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға, қамқоршыларға және отбасыларға (тұлғаларға) берілетін жеәрдемақылар 30 пайызға артады. 2019-2021 жылдарда бұл шараларға 300 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді», - деді депутат.

Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау көпбалалы отбасылардың ересек мүшелерін жұмыспен қамтамасыз етуді де қамтиды.

«Одан басқа, азаматтар үшін тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндіктерін арттыру жөніндегі жұмыстар күшейе түседі. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көп балалы, аз қамтылған отбасыларға арнап 40 мыңнан астам жалға берілетін пәтерлер салынады. Сол үшін жыл сайын қосымша 50 миллиард теңге бөлінеді. Сонымен қатар, осы санаттағы адамдар үшін Мемлекет басшысы Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі жүйесі арқылы жылына 2-3 пайыздық тұрғын үй қарызын берудің жеңілдетілген тетігін әзірлеуді тапсырды», - деді ол.

«Нұр Отан» партиясының съезі Қазақстан өз азаматтарының әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған ерекше үлгідегі әлеуметтік мемлекет екенін тағы да дәлелдеді.

Ал  Экономикалық саясат, инновациялық даму   және кәсіпкерлік комитетінің  төрағасы  Асқар Бейсенбаев   осыдан 20 жыл бұрын көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жанына топтасқан азаматтар «Отан» халықтық-демократиялық партиясын тіркеу туралы бірауыздан шешім қабылдағанын жеткізді.

«Осы жылдарда Елбасымыз бастаған партия еліміздегі саяси және қоғамдық жаңарулардың қозғаушы күші болып келеді. Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде әлеуметтік қолдауды күшейту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі ауқымды шараларды ұсынды. Осы шараларды іске асыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша республикалық бюджет пен Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінеді. Тек биылдың өзінде еліміз бюджетінің 45 пайызы әлеуметтік салаға жіберіледі», - деді ол.

Съезде халыққа арналған аса маңызды мәселелер – балалардың жәрдемақысы, тұрғын үймен қамту, әлеуметтік саланы жаңғырту және басқа да маңызды міндеттер белгіленді.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Жаңа әлеуметтік саясат елдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және Қазақстанның барлық азаматтарына бірдей алға басу шарттарын жасауға тиіс. Бұл ең алдымен халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен жастарға қатысты болып отыр. Көп балалы, табысы аз отбасылар ерекше қамқорлыққа алынып, назарда болады. Жағдайы төмен отбасыларды қамтуды ұлғайту үшін күнкөріс деңгейінің төменгі шегі 70 пайызға дейін ұлғаяды. Атаулы әлеуметтік көмек үшін көп балалы отбасындағы әр балаға 21 мың теңгеге жуық төлем берілетін болады», - деді Асқар Бейсенбаев.

Қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар қарқын ала түседі.

«Елбасы 40 мыңнан астам жалға берілетін пәтер салуға және осы мақсатта жыл сайын 50 миллиард теңге бөлу жөнінде тапсырма берді. Көпбалалы, толық емес және табысы аз отбасылар үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі арқылы жылына 2 пайыздық бағдарлама әзірленеді. Елді әлеуметтік жаңғырту жөніндегі жаңа міндеттерді іске асыруды көздейтін жаңа үкімет құрылды, ол нақты нәтижеге бағытталған іргелі істердің үкіметі болуға тиіс. Мемлекет басшысы Үкімет алдына халық өмірінің деңгейі мен сапасын арттыру, табысы аз азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу, білім беру және денсаулық сақтау, аймақтарды кешенді түрде дамытуға бағытталған басым міндеттер қойды», - деді депутат.

«Нұр Отан» партиясының мерейтойлық съезінің делегаттары құндылық бағдарын бекемдеуге және партияның алдағы ондаған жылдардағы миссиясын айқындауға бағытталған жаңа саяси доктринасын қабылдады.

«Экономиканы дамыту мен азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттырудың ең өзекті мәселелеріне назар аудару аса маңызды. Бұл мәселелерді шешу біздің партиямыздың бірінші кезектегі басымдығы. Бүгінгі күні партия мүшелерінің алдында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру міндеттері тұр. Отанымыз - Қазақстан Республикасын өркендету жолындағы Ел Президенті - «Нұр Отан» партиясы төрағасының әлеуметтік және саяси реформалар жөніндегі бастамаларын жүзеге асыруда біз оның сенімді тірегі екенімізді нақты істермен, айқын нәтижемен дәлелдеуіміз керек деп ойлаймын», - деді ол.

Айта кетейік, елімізде осыған дейін де әлеуметтік жағдайларға ерекше көңіл бөлінген.  Өңірлерде де бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын көруге болады. Оған дәлел  облыс басшыларының халық алдында берген есептік кездесулері

Аягөз Құрмаш 

Тағы оқи  алатындарыңыз: 

Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты

Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған – Съезд туралы пікірлер

Әр балаға 21 мың теңге - Н.Назарбаев

 




Яндекс.Метрика