Өңірлер

Мәлік Мырзалин: Жастар мен көпбалалы отбасыларды қолдауға ден қоямыз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының шеңберiнде Ақмола облысында жүргiзiлiп жатқан жұмыстар ең алдымен облыстың барлық халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бұл туралы облыс әкімі Мәлік Мырзалин мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 16:06

Аталған басты көрсеткіштердің  iшiнде — өнеркәсiп пен аграрлық сектордағы тауарлық өнiмнiң көлемi 100 млрд теңгеден астам өскенi, экономикаға инвестициялар 270 млрд теңге құрағаны, оның iшiнде жеке инвестициялар 126% өскенi аталды.

Даму бюджетi соңғы екi жылда 1,7 есе өстi, ол әлеуметтiк саланы, ТҮКШ, жол инфрақұрылымын дамыту шығындарын өсiруге мүмкiндiк бердi.

«Биыл   индустриалдық дамудың драйверлерi машина жасау, түстi металлургия, құрылыс индустриясы болады. Мысалы, өңiрде ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсететiн «Eurasia Group Kazakhstan» орталығының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, өндiрiстiк қуаттылығын арттыру және комбайндардың жаңа түрлерiн жинауды игеру есебiнен «Вектор» ЖШС егiн жинау техникасын құрастыруды 2 есе өсiрудi көздеп отыр. Ал «Kazakhaltyn Technology» жобалық қуаттылығына шығуы және «RG Gold» жаңа фабрикасының құрылысын салу бүгiнгi таңда 30% үлестi құрайтын республика көлемiндегi алтын өндiрiсiнде көшбасшылықты сақтауға мүмкiндiк бередi», - деді М.Мырзалин.

Басым мiндеттердiң бiрi ретiнде Мәлiк Мырзалин баламалы энергетиканы дамытуды атады, оны iске қосу бойынша Ақмола облысы елiмiзде пионер болып табылады.

«Қазiргi уақытта жел және күн электр станцияларының құрылыстары Аршалы, Целиноград аудандарында және Көкшетау қаласында жүргiзiлуде. Тағы 4 жобаны 2023 жылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. Есеп бойынша, 2018 жылы «жасыл» энергия өндiру 150 млн кВт/с құрады, ол, мысалы, 30 мың халқы бар Атбасар қаласын жыл бойы электрмен қамтамасыз етуге жетедi», - деді облыс әкімі.

Аграрлық саланы дамыту бойынша суармалы жерлердiң аумағын арттыру, iрi еттiк және сүттiк тауарлық фермалар құру, өңдеу өнеркәсiбiнiң қарқынын арттыру бойынша шаралар қолданылады.

Шағын және орта бизнестi, тұрғын үй құрылысын дамыту басымдылықтары белгiлендi.

Мәлiк Мырзалин «Нұрлы Жер» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқан екi жылда өңiрде 8350 отбасы пәтер мәселесiн шешкенiн атап көрсеттi. «7-20-25» жаңа бағдарламасы iске қосылғаннан берi 252 өтiнiм мақұлданды. Ағымдағы жылға арналған жоспар - 5 мыңнан аса пәтердi пайдалануға берудi қамтамасыз ету.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын және жол инфрақұрылымын жаңғырту бойынша көп жұмыстар жүргiзiлдi. 2 қазандық iске қосылды, МЖӘ (мемлекеттік-жекешелік әріптестік) тетiгi арқылы Көкшетау қаласында жылу электр станциясын салу бойынша жеке меншiк әрiптеспен келiсiм жасалды. Өткен жылы 6 су объектiсi iске қосылды, биыл 32 жоспарланып отыр. «Сарыарқа» жобасы шеңберiнде 20 елдi-мекендi газдандыру басталды. 476 км жергiлiктi маңызы бар жолдар жөнделдi, ол өткен жылғы көрсеткiштен екi есе көп»,- деді М.Мырзалин.

Сонымен қатар, облыста  адам капиталының сапасын арттыруға баса назар аударылып отыр. Мектепке дейiнгi бiлiм берумен қамту 99% жеттi.

«Келесi жылы 100% қамтуға жеткiзу үшiн МЖӘ шеңберiнде және мемлекеттiк бюджет есебiнен бiрқатар жобалар жүзеге асуда. Сондай-ақ, облыс әкiмi үш ауысымда оқыту проблемасы қалай шешiлiп жатқанына тоқталды. Өткен жылы 4 мектеп пен қосымша оқу корпусы iске қосылды, бүгiнгi таңда 6 мектеп пен қосымша 3 оқу корпусының құрылысын жүзеге асырамыз»,  - деді ол.

Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшiн соңғы 2 жылда 500 бiрлiк медициналық жабдықтар, 48 жедел жәрдем машиналары сатып алынды. Ауылдық жерлерде қосымша 5 кiшi станция ашылды.

«Биыл тағы 15 бекет ашылады, ол ауылдық елдi-мекендердi жедел жәрдем қызметiмен қамтуды екi есе өсiруге мүмкiндiк бередi, сонымен қатар, 5 денсаулық сақтау объектiсiнiң құрылысы жүрiп жатыр», - деді облыс әкімі.

Мәлiк Мырзалин өз сөзiнде экономиканы цифрландыру, жастарды қолдау, дәрiгер мамандарды тарту, жалақысы төмен қызметкерлердiң еңбекақысын арттыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, облыс орталығын, Бурабай және Астана маңы аймағын дамыту, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстар туралы баяндап бердi.  

Өңiр басшысы халықтың жеңiлдiктерi бар және аз қамтамасыз етiлген топтарын, соның iшiнде, көпбалалы отбасыларды әлеуметтiк қорғауға аса назар аударылатынын айтты.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика