Үкімет

Үкіметтің жаңа құрамы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысқан болатын. Депутаттар Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Пленарлық отырыс барысында Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, Мәжіліс министрлер кабинетінің кандидатураларын бекітті.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 17:44

Сонымен, еліміздің министрлер кабинетінің толық тізімі мынадай:

  • Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі — Әлихан Асханұлы Смайылов;

  • Премьер-Министрдің орынбасары — Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова;

  • Премьер-Министрдің орынбасары — Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек;

  • Білім және ғылым министрі — Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова;

  • Ұлттық экономика министрі — Руслан Ерболатұлы Дәленов;

  • Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі — Роман Васильевич Скляр;

  • Ауыл шаруашылығы министрі — Сапархан Кесікбайұлы Омаров;

  • Сыртқы істер министрі — Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов;

  • Қорғаныс министрі — Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев;

  • Ішкі істер министрі — Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев;

  • Әділет министрі — Марат Бакытжанұлы Бекетаев;

  • Энергетика министрі — Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев;

  • Денсаулық сақтау министрі — Елжан Амантайұлы Біртанов;

  • Мәдениет және спорт министрі — Арыстанбек Мұхамедиұлы;

  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі — Бердібек Машбекұлы Сапарбаев.

Министрлер кабинетінің кейбір өкілдеріне кеңірек тоқталуды жөн көрдік.

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов 1972 жылы туған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірді.

1993-99 жылдары “А-Инвест” инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің Статистика және анализ комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігінің бас сарапшысы, бөлімнің экономикалық сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды.

1999-2003 жылдары Статистика агенттігінің төрағасы болды. 2003-2006 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, “Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы” АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2006-2009 жылдары ҚР Қаржы министрінің орынбасары, “КазАгро” ұлттық холдингінің президенті болды. 2009-2014 жылдары ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.

2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы болды. 2015 жылдың желтоқсанында ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 2018 жылдың 18  қыркүйегі  Қаржы министрі болып тағайындалған болатын.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек - 1975 жылы 7 мамырда дүниеге келді.

ҚазБСҚА (Алматы қ.) «Сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша, сондай-ақ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша аяқтады, экономика ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелістікті қорғау жөніндегі агенттіктің темір жол көлігі және порттар бөлімі басшысы, Үйлестіру және тарифтік саясат департаментінің тарифтік саясат бөлімі басшысы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Су көлігі департаменті директоры, «Ақтау халықаралық теңіз порты» РМК директоры лауазымын атқарды.

2005 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі.

2009 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы.

2014 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі.

2014 жылғы тамыздан бастап – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

2016 жылғы маусымнан бастап – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі осы ведомствада бірінші вице-министрі қызметін атқарды. Павлодар монтаж техникумын, Павлодар мемлекеттік университетін, Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Роман Скляр әр жылдары Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, аппарат басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласындағы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, Павлодар облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар вице-министрі, «Қазақстан Темір жолы» ҰҚ» АҚ вице-президенті болған.  

Дәурен Абаев ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі қызметін атқарған болатын. Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген.

2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.

2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланды Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.

2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.

2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.

2009 жылдың қазанынан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

2013 жылдың шілдесінен осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

І-сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі.«Құрмет» орденімен марапатталған.

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова «Назарбаев зияркерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы болып еңбек етіп келген.  

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика