Басқару

Ерболат Досаев ҚР Ұлттық банк төрағасы қызметіне келді

ҚР Парламентінің жоғарғы палатасында дауыс беру рәсімі өтті.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 15:33

«Мемлекет басшысы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтің отставкасын қабыл алды. Мен Сіздердің алдарыңызға мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа кандидатураны ұсынуға келдім. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл қызметке Ерболат Асқарбекұлы Досаевты ұсынып отыр. ҚР Конституциясының 55 бабына сәйкес, сенаттың келісім беруін сұраймын», - деді президент әкімшілігінің жетекшісі Әсет Исекешов.

Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы энергетика институты мен  Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін электронды техника инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Данияр Ақышев болса ҚР Ұлттық банкі төрағасы лауазымында 2015 жылдың қараша айында келген болатын.




Яндекс.Метрика