Үкімет

ҚР Премьер-Министрі болып Асқар Мамин тағайындалды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламентіне ҚР Премьер-Министрі қызметіне Асқар Ұзақбайұлы Мәминнің кандидатурасын ұсынғанын хабарлаған болатынбыз.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 12:45

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы ҚР Парламентінде өткен пленарлық отырыста бірауыздан мақұлданды. Бұл жайында Ақорданың әлеуметтік желілердегі парақшаларының бірінде мәлім болды.

«Үкімет отставкаға кетті. Осыған байланысты жаңа Премьер-Министр Асқар Мәминнің кандидатурасын ұсынып отырмын. Оның мол тәжірибесі бар. Ширек ғасырдан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Қала әкімі, көлік министрі, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болды. Оның жетекшілігімен, әсіресе, инфрақұрылымды дамыту саласында, көп жұмыс атқарылды», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Мәминнің интеграциялық бірлестіктердің жұмысына, сондай-ақ, бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді атсалысқанын айтты.

«Қазір күрделі кезең. Алдымызда маңызды міндеттер тұр. Алға жылдам ұмтылуымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Жиын барысында Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері мен комитет төрағалары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына ұсынылған Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.

Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда дүниеге келген. 1987 жылы Целиноград инженер құрылысы институтын, 2003 жылы Г. Б. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

2016 жылдың қыркүйек айынан бері ​​Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болды.




Яндекс.Метрика