Өңірлер

Қарағанды облысында көпбалалы ата-аналарға қолайлы несиелер беріледі

Қарағанды облысында көпбалалы ата-аналарға баспана алу үшін тұрғын үй сертификаттары мен қолайлы несиелер беріледі. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов есеп беру кездесуінде айтты.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 12:50

«Бұл тақырып өте өзекті. Бүгінде облыста тұрғын үй алу үшін 1 206 көпбалалы отбасы кезекте тұр. Өздеріңіз білетіндей, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша біз кезекте тұрғандардың барлық 11 санаты үшін жылына 300  жуық пәтер салудамыз. Осы санаттар бойынша кезекте тұрғандардың саны бүгінгі таңда 36 мыңнан асады. Мұндай қарқынмен біз, әрине, жақын арада баспанаға мұқтаждарды пәтермен қамтамасыз ете алмаймыз», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Облыс әкімі осыған байланысты қабылданған шешімдер туралы айтып өтті. 

Біріншіден, кезекте тұрған көп балалы отбасыларды несиелендіру үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» облыстық бюджеттен 1 млрд.теңге бөлінеді.

«Жылдық мөлшерлемесі 2% құрайтын 15 млн теңгеге дейін несие қарастырылған. Бастапқы жарна - 10%. Сонымен қатар, кірістерге қойылатын талаптар белгіленеді: отбасының бір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жарымнан аспауы тиіс, ол дегеніміз - 44 547 теңге», - деп түсіндірді Ерлан Қошанов.

Екіншіден, облыстық бюджетте осы жылы бастапқы жарнаны субсидиялау үшін тұрғын үй сертификаттарына 1 млрд теңге қарастырылған. Көпбалалы отбасылар да осы қолдауды пайдалана алады.

Мысалы, пәтер құны 10 млн теңге болса, тұрғын үй сертификаты 1 млн теңгені құрайтын бастапқы жарнаны толығымен жабады. Алдын ала есеп бойынша, ай сайынғы төлем орташа есептегенде 41 мың теңгені құрайды.

Сондай-ақ, әкім  алдағы уақытта мемлекеттік қызметкерлер жұмысында болатын өзгерістер туралы айтты.

«Біз азаматтарымыз үшін кезекті тосқауыл емес, алғашқы көмекшілер болуға ұмтыламыз. Барлық әкімдіктерде, былайша айтқанда, фронт-кеңселер құруды шештік», - деді аймақ басшысы.

Бұл ашық әкімдіктер қағидаты. Барлық мемлекеттік қызметтер мен кеңес берулер бір терезе қағидаты бойынша көрсетілетін болады. Ол тұрғын үйге кезекке тұру, жер телімдерін алу, жәрдемақылар мен басқа да барлық мәселелерді қамтиды.

«Яғни, біздің азаматтар үшін барлық қолайлы жағдай жасалады. Өз есебімді аяқтай отырып, шешімін талап ететін мәселелер әлі де аз емес екенін атап өткім келеді. Біздің алға қойған және талпынып отырған мақсаттарымыз бар: ол, мысалы, пандустары мен жасыл желектері бар қауіпсіз, жарық және таза жаяу жүргіншілер жолдары төселген, үйден бір адым қашықтықта орналасқан ыңғайлы балабақшалар, мектептер мен емханалар; ол жұмыстан кейін спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік. Ол қаланың немесе ауылдың кез-келген жастары оқуды жақсы оқыса, өзінің дамыуына барын жасаса, өз туған жерінде, өз облысында табысқа жетуге мүмкіндігі бар екеніне сенімді болуы, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуі, даму және өсуі үшін тең мүмкіндіктің болуы. Міне, осының барлығы болғанда, біз дұрыс жолда келе жатқанымызды түсінетін боламыз», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Ағылшын тілінің оқытушысы Ерлан Рахымов. Ол өз курстарында көп балалы және аз қамтылған отбасыларының балаларын тегін оқытады. 

Сонымен қатар,  облыс әкімі Мақажанова атындағы клиника директоры Дәуір Құрманғалиев туралы да тоқтала кетті. Ол науқас қыз баланың өмірін сақтап қалу үшін үшін оған уақытша қамқорлық рәсімдеген. Сонымен қатар қазақ тілінің жексенбілік клубының негізін қалаушы Наталья Терновая туралы да айтып өтті. 

«Осындай жерлестерімізді мақтан тұтамыз. Осы мысалдар бізді шабыттандыратын және неге ұмтылу керектігін көрсететін адамдардың аз ғана бөлігін көрсетеді. Бұл ұлттың рухани дамуы», - деді Ерлан Қошанов. 
 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға облыста 18 млрд.теңге жұмсалмақ, оның 10 миллиарды меценаттар мен демеушілердің қаражаты. Бұл қаржыға 2022 жылға дейін 479 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

«Бүгін біздің облыста әрбір бесінші азамат - жас ұрпақ өкілі. Біз жастардың нақты, өзекті мәселелерін шешуге бағытталған кешенді жоспар әзірледік. Атап айтқанда – оқыту, жұмысқа орналастыру, бос уақытты пайдалы өткізу және отбасылық құндылықтар», - деді аймақ басшысы тұрғындармен есептік кездесуде.

Бұл жүйелі жобалар болмақ.Ерлан Қошанов қалалық және ауылдық колледждер базасында бизнес-инкубаторлар ашылатынын хабарлады.

Ол орталықтарда студенттерді кәсіпкерлікке, құқықтық және қаржылық сауаттылыққа үйретеді. Үздік түлектер өз ісін ашуға қолдау алатын болады.

Облыс әкімі ауыл жастары ерекше назар аударуды қажет ететінін атап өтті. 

«Бүгінде Мемлекет басшысы жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге барлық жағдай жасады. Бірақ көптеген жастар осы мемлекеттік бағдарламалар туралы біле бермейді. Білген күннің өзінде, сенбейді. Ол мемлекеттік органдар тарапынан жұмыс жеткілікті деңгейде жүргізілмейтінін көрсетеді», - деді Ерлан Қошанов.

Адамдар жұмысқа орналасу, өз бизнесін құру мүмкіндіктері туралы білулері үшін облыста ірі базарлар мен вокзалдарда жұмыспен қамту пункттері ашылды.

Бұған қоса, ірі елді мекендерде де, шалғайдағы аудандарда да мобильді жұмыспен қамту пункттерінің жұмысы ұйымдастырылған.

Қарағандылықтарды үйде қалай табыс табуға үйрететін болады. Фриланс немесе үйден жұмыс істеу бірінші кезекте, кеңселерде, дүкендерде немесе кәсіпорындарда жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ көп балалы аналар үшін өзекті.

«Көптеген елдерде қашықтан жұмыс істеу нарығы миллиардтаған долларды құрайды. Сондықтан бізге де бұл құралдар мен білімді көпбалалы аналар, мүмкіндігі шеутеулі жандар мен зейнеткерлерге беру керек, - деді Ерлан Қошанов.

Фрилансерлер мектебінде үйден шықпастан қалай жаәне не арқылы ақша тауып, осы секілді табыс көзін қалай заңдастыруға болатыны, сонымен қатар қандай үлгі бойынша салық төлеу керектігі үйретіледі. Бұл мектепке кез-келген ниет білдірушілер келіп, білім ала алады. Алайда тіркеу кезінде көбіне көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шеутеулі жандарға және зейнеткерлерге басымдылық беріледі. Фриланс мектебінде сабақтар тегін өткізіледі.

Бұған қоса жақын арада өңірде бизнес-инкубатор жұмыс істейтіні туралы мәлім болды. Онда көпбалалы аналарды бизнесті табысты жүргізу негіздеріне үйрететін болады. Көпбалалы аналарға өз ісін ашуға 200 грант қарастырылған.

Оқудан соң өз істерін бастағандар мемлекет тарапынан субсидияларға үміткер бола алады. Бұл төлемдер қызметкерлер жалақысының бір бөлігін өтеуге жұмсалады.

Сондай-ақ,  өз істерін ашу үшін жастарға берілетін гранттар көлемін 10 есеге арттырдық.

Гранттардың мөлшері де 300 мың теңгеден бір миллионға дейін өсті. Мұндай гранттарды қалай алу және бизнесті қай салада жүргізуді үйренуге қатысты ақпаратты Аймақтық кәсіпкерлер палатасынан және жұмыспен қамту орындарынан алуға болады.

Биылғы жылы Қарағандының вокзалдары мен ірі базарларында осындай нысандар ашылды. Бір ай аралығында оларға 1500 адам келген.

Қарағанды облысында көп балалы аналармен кездесулер өткізілгеннен кейін әлеуметтік көмек көрсету шараларын арттыру туралы шешім қабылданды.

« Мемлекет басшысы көпбалалы отбасылар мәселесін әркез назарда ұстайды. Сол себепті халықтың әлеуметтік аз қамтылған санатына қолдау көрсетті әрі әліде көрсетуде. Облыс бюджетінің 50%-дан астамы әлеуметтік салаға бағытталады», - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасын орындау аясында облыстық бюджеттің барлық мүмкіндіктерін зерделеп, біз мемлекеттік қолдау шараларының ауқымын кеңейту жөнінде шешім қабылданған.

Ол көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың жағдайын жақсартуға бағытталған 10 қадам туралы тоқталып өтті.

«Көп балалы аналарға қосымша жеңілдіктер қарастырылады: 1 маусымнан бастап қалалық көлікте тегін жүру; бастауыш сынып балалары үшін тегін ыстық тамақ; бала бақшаға 50% жеңілдік», - деді ол.

Сонымен қатар, мектептерде ұзартылған күннің тегін топтары қарастырылған.

«Көп балалы отбасынан шыққан балаларға музыка және көркемөнер мектептерінде, спорт секцияларында тегін шұғылдуға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ жазда балалар мектеп жанындағы лагерлерге орналастырылады. Колледждерде білім алуға бюджеттен 5,5 млрд теңге бөлінеді. Бұл 8 мыңнан астам грант беруге мүмкіндік береді», - деді облыс әкімі.

Көп балалы аналарға өз ісін ашуға 200 грант беру жоспарлануда.

«Олар үшін арнайы бизнес-инкубатор құрылмақ.Облыста соннымен қатар отбасын қолдау орталығы ашылады, онда мамандар мен психологтар кеңес береді.  Қарағанды облысында қолжетімді спорт инфрақұрылымын дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Өткен жылы көптеген жаңа нысандар ашылды», - деді облыс әкімі.

Олардың қатарында Абай қаласындағы жүзу бассейні, Шет ауданындағы ДСО, Қарағандыда шағын-футболға арналған спорт кешені және басқалары бар.

Биыл «Рухани жаңғыру»   бағдарламасы бойынша үлкен триатлон паркі ашылады. Ауылдықтар үшін тағы да бірнеше ДСО салу жоспарлануда. 

Президенттің тапсырмасы бойынша Қарағандыда олимпиадалық стандарттарға сай 50-метрлік жүзу бассейні мен Теміртаудағы заманауи спорт кешенінің құрылысы басталады. 

« Бұқаралық спортты дамыту үшін кешкі уақытта мектептерде, жоғары оқу орындарында және колледждерде спорт залдарын пайдалану керек. Бірақ ол үшін мамандар қажет. Біз аулалар мен спорт залдарында 100 спорт нұсқаушылары жұмыс істейтін болады деген шешім қабылдадық», - деді Ерлан Қошанов.
 

Ол облыста ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылық жоғары екенін атап өтті. Бүгінде өңірде олардың саны оннан астам, ұлттық спортпен облыста 43 мыңнан астам адам айналысады.
Облыс әкімі сондай-ақ Қарағандыда келешекте ипподром құрылысы көзделіп отырғанын жеткізді. Бұл жобаны кәсіпкерлерге мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша жүзеге асыру ұсынылып отыр.

Өнеркәсіптік роботтарды бағдарламалау, 3D модельдеу, мехатроника және инженерлік графика – осының барлығына Қарағанды облысының колледждерінде оқытып жатыр.

Оқу ордалары қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған зертханалар құрған және дуалды білім беру жүйесіне ауысқан. Осының арқасында колледж түлектерінің 95% мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болып отыр. 

Қарағанды облысында жұмысшы мамандықтардың беделі арта түсті. Бүгінде колледждерде бір орынға конкурс 3-5 адамды құрайды, ал оқуға қабылдау 35%-ға артты. 

« Бүгін Индустрия 4.0 экономикасы кадрларды даярлауда өзге де тәсілдерді қолдануды талап етіп отыр. Өндірісті ауқымды жаңғырту жүріп жатыр, қымбат жабдықтар сатып алынуда, жаңа мамандықтар пайда болып, ескілері жоғалып барады. Осыған байланысты біздің алдымызда заманауи және нарыққа қажетті мамандарды дайындау міндеті тұр. Біз жұмыс берушілер жаңа станоктарда жұмыс істеуді кез-келген жұмыскерге сеніп тапсыра салмайтынын түсінеміз. Біз кәсіпорындармен жұмыс жүргіздік, олардың қажеттілігін зерттедік, енді олардың өздері оқытуға қатысуға дайын. 
Қазіргі таңда дуалды білім беруді дамытуға басты назар аударылуда», - деді ол.

Аталмыш жүйе бойынша студенттер 60% уақытын өндіріс ошағында өткізеді. 

«Өткен жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және ірі компаниялардың қолдауымен біз колледждер жанынан 9 құзыреттілік орталығын құрдық. Ол орталықтарда кәсіпорындардағы сияқты жабдықтар орнатылған. Сәйкесінше, онда оқыған студенттер өндіріске дайын болып шығады», - деп түсіндірді Ерлан Қошанов.

Бұл шаралар кәсіби білім берудің тартымдылығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік берді. 

«Өңір басшысы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы Елбасының 3-6 жас аралығындағы балаларды 100% қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасы орындалғанын атап өтті. Мемлекеттік тапсырыстың ұлғаюы кәсіпкерлерді екі есе дерлік ынталандырды. Тек бір жыл ішінде облыста 20-дан астам жекеменшік балабақша ашылды.  Бұдан басқа, енді ата-аналар интернет арқылы кезекке тұрып, балабақшаға орын ала алады. Бұл сыбайлас жемқорлық қаупін 100% - ға төмендетеді», - деп атап өтті облыс әкімі.


Өңір басшысы білім беруді дамыту туралы да тоқталып өтті. Өткен жылы облыста екі жаңа мектеп салынды. Биылғы жылы тағы үш нысан салынуда.

Осы жобаларды жүзеге асыру арқылы облысымыз үш ауысымды оқытудан толық құтылады. 

«Өткен жылы 228 мектепті жөндеуге 6,5 млрд теңге жұмсалды. Өңір басшысы барлық мектеп интернаттары қалыпқа келтірілгенін еске салды.Осыған дейін олардың басым бөлігі апаттық жағдайда болған. Енді ол интернаттар күрделі жөндеуден өткізілді: шатырлары, электр желілері, жылыту жүйелері, сантехникасы ауыстырылып, жаңа жиһаз сатып алынды, оқушылар үшін демалу және тұрғын бөлмелері жабдықталды», - деді облыс әкімі.

Айта кетейік,  Қарағанды облысында барлығы 21 мектеп жанындағы интернаттар жұмыс істейді. Олардың 12-де күрделі жөндеу, ал тоғызында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика