Үкімет

Н.Назарбаев Үкіметті тарату жөнінде шешім қабылдады

"Үкімет пен Ұлттық банк экономиканың сапалы өсімін қамтамасыз ете алмады", - деп мәлімдеді Елбасы.
Нұр-Сұлтан21 Ақпан , 19:00

Үкімет отставкаға кетеді-ау деген сыбыстың шыққанына да біраз уақыт болды. Бүгінгі Елбасының шешімін күтпеген жағдай деп айту қиын. Ақорданың ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде мемлекет басшысы өзінің бұл шешімді неліктен қабылдағанын тарқатып айтып берді.

"Үкімет мүшелері мен әкімдерге елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақты ұстап, оны әрі қарай дамыту үшін барлық мүмкіндік берілді. Алайда, олар дұрыс пайдалана алмады", - деді ҚР Президенті Н.Назарбаев.

Елбасы алдағы уақытта ұлттық қор мен ел бюджетінен халықтың жағдайын жақсарту үшін қомақты қаражат қарастырылатынын жеткізді. Оның барлығы алда өтетін "Нұр-Отан" партиясының съезінде мәлім болмақ.

"Жаңа үкімет өмір сапасын арттыру, экономиканы дамытудың алғышарттарын қамтамасыз етіп, стратегиялық мақсаттарға жетудің жолдарын табуы тиіс", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Ұзақбайұлы Мәмин жаңа Үкімет құрамы бекігенше ҚР Премьер-министрі қызметін уақытша атқарады.

Ұқсас мақалалар:

ҚР Премьер-Министрі болып Асқар Мәмин тағайындалды

Асқар Мәмин: Нақты істер Үкіметіне айналуымыз тиіс

Жаңа министрліктер құрылды

 

 




Яндекс.Метрика