Халықаралық интеграция

Н.Нығматулин Аустрия Республикасына келді

Іс-сапар барысында Нұрлан Нығматулиннің Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің Төрағасы В.Соботкамен келіссөз жүргізуі жоспарланған.
Нұр-Сұлтан20 Ақпан , 10:42

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы ресми іс-сапары аясында Аустрия Парламенті Федералдық Кеңесінің басшысы И. Аппемен, ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) қазіргі Төрағасы М. Лайчакпен және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жетекшісі Г. Церетелимен кездесулері жоспарланған.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин "Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы" "Парламенттік Ассамблеясының" қысқы сессиясында сөз сөйлейді.

Парламенттік Ассамблея Еуропа, Азия және Солтүстік Американың 57 елінің 300 астам  Парламент өкілдерін біріктіреді.

Сессия барысында Мәжіліс Төрағасы бірқатар екіжақты кездесулер өткізбек.




Яндекс.Метрика