Басқару

Елбасы облыс әкімдерін қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов пен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан29 Қаңтар , 16:19

Кездесуде Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы есеп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттырудың маңыздылығын атап өтіп, аймақтағы бірқатар экономикалық көрсеткіштердің жақсарып келе жатқанын айтты.

Қазақстан Президенті «Рухани жаңғыру» және облыстың туристік әлеуетін дамыту бағдарламаларын сапалы іске асыру қажеттігіне баса назар аударды.

«Жалпы, ішкі өңірлік өнім көлемі 104 пайызға артты. Өсім деңгейі өнеркәсіп саласында 118 пайызға, ауыл шаруашылығы бойынша 107 пайызға жетті. Көздеген көрсеткіштердің бәріне қол жеткізіп келеміз», – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Сонымен қатар, Д.Ахметов Мемлекет басшысына өңірдегі денсаулық сақтау саласы бойынша халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеді.

«2015 жылы онкология, кардиология, ана мен бала, травматология сияқты 4 бағыттың қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін анықтау мақсатымен денсаулық сақтау саласына талдау жасадық. Сонымен қатар, дәрігерлер даярлаудың үш деңгейлі жүйесін әзірледік. Бұл жүйе Семей қаласындағы мемлекеттік медицина университетінде білім беру, шеберлік сыныптарын өткізіп, шетелде оқыту ісін қамтитын болады. Біз осы жұмысты одан әрі жалғастыра береміз», – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Д.Ахметов білім беру, ауыз сумен қамту, жаңа тұрғын үйлер салу және елді мекендерді абаттандыру салаларында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтты.

Н.Назарбаев  Қарағанды облысының әкімімен кездесу барысында   Мемлекет басшысына 2018 жылдың қорытындысы бойынша облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен аймақ дамуының алдағы перспективалары жөнінде баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев осы өңірдің маңызы зор екенін атап өтіп, газбен қамту мәселесіне, сондай-ақ Теміртау қаласының экологиялық жағдайына айрықша тоқталды.

Облыс әкімі Елбасыға Жолдауда айтылған тапсырмаларды іске асыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеді.

«Сіздің еңбекақы мөлшерін арттыру жөніндегі бастамаңызды облыстағы барлық мекемелер қолдады. Бұл биылғы 1 қаңтардан бастап 220 мыңнан астам жұмысшының жалақысын 14 пайызға дейін өсіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, негізгі коммуналдық қызметтерге қатысты тарифтер 5-11 пайызға төмендейтін болады», – деді Е.Қошанов.

Соңында Елбасы өңірді одан әрі өркендету, соның ішінде Қарағанды қаласының құрылысына қатысты мәселелер жөнінде бірқатар тапсырма берді.

 

Сондай-ақ, Елбасы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды уақтылы әрі сапалы іске асырудың, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру үшін шаралар қабылдаудың маңызды екенін атап өтті.

«Қостанай облысының макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсу қарқыны сақталып отыр. 2017 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі 8,3 пайызға, құрылыс саласы 22,3 пайызға өсіп, 300 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді», – деді А.Мұхамбетов.

Сонымен қатар, Қостанай облысының әкімі Қазақстан Президентіне автомобиль өндірісін дамыту, инвестиция тарту және индустриялық жобаларды іске асыру жұмыстарының нәтижелері туралы мәлімдеді.

« Облыста индустриялық аймақ құрылуда. Соның аясында 11 жоба әзірленіп жатыр. Соның ішіндегі ең ірісі – ауыл шаруашылығы хабын құру. Оның құрамына 600 мың тонналық қуаты бар арнайы мақсаттағы ұн өндіретін, жылына 1 миллион тонна жем дайындайтын, глютен өндіретін және майлы дақылдарды қайта өңдейтін цехтар кіреді. Бұл жоба ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыруға бағытталған», – деді А.Мұхамбетов.

Қостанай облысының әкімі ауыл шаруашылығы техникасын өндіру, құрылыс материалдарын шығару, Арқалық қаласындағы ет өңдеу кешенін дамыту салаларына қатысты жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті  қолдау шаралары жөнінде айтты.

Кездесуде Қазақстан Президентінің былтырғы желтоқсан айында Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді.

Облыс әкімі Елбасыға негізгі әлеуметтік маңызы бар нысандардың, соның ішінде облыс әкімдігі, басқармалар мен аумақтық департаменттер ғимараттарының, сондай-ақ 1 200 мың шаршы метрді қамтитын тұрғын үй құрылысының барысы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының іскерлік орталығын салудың және абаттандырудың қазіргі қарқынын сақтау қажет екенін айтып, бірқатар нақты тапсырма берді.




Яндекс.Метрика