Өңірлер

Ақмола облысы: Әлеуметтік-экономикалық дамудың басты көрсеткіштері

Ақмола облысында 2018 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы барлық негізгі экономикалық бағыттар бойынша оң қарқын көрсетеді. Өткен жылдың үшінші тоқсанында орташа айлық атаулы жалақы 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға өсті. Әлеуметтік салаға 102,2 млрд теңге бөлінген. Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Нұр-Сұлтан28 Қаңтар , 11:18

Ауыл шаруашылығы

Ақмола облысының   ауыл шаруашылығында өндіріс 0,8%-ға өсіп, 397 млрд теңгені құрады.

2018 жылы мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 28,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығына — 9,9 млрд теңге, мал шаруашылығына — 6,4 млрд теңге, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға — 6,4 млрд тг, инвестициялық салымдар мен қайта өңдеуді субсидиялауға — шамамен 4,6 млрд тг бөлінді.

Шаруашылықтың барлық санаттары 109,5 мың тонна тірі салмақта ет (өсім 6%), 385,8 мың тонна сүт (өсім 0,5%), 886,5 млн дана жұмыртқа (өсім 11,7%) өндірді. Сонымен қатар, ірі қара мал басы 1,6%-ға, оның ішінде сиыр 1,8%-ға, қой мен ешкі 2,1%-ға, жылқы 0,1%-ға, құс 34,1%-ға өсті. 2018 жылдың 12 айында сиыр еті экспорты жылдық жоспар 500 тоннадан 712 тоннаны құрады (ҚР үлесі — 5%).

2018 жылдың 9 айында АӨК саласындағы еңбек өнімділігі 13,1%-ға өсті.

Облыста ауыл шаруашылығы секторымен қатар өнеркәсіп те белсенді дамып жатыр. Нақты көлем индексі — 2017 жылдың сәйкес кезеңінің 106,9% құрады. Осылайша, өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 645,6 млрд теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялардың өсімі 44,6 млрд теңгені немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңінің 135,1% құрады. 2018 жылғы сегіз айда өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт $83,8 млн, өсім 25,1% құрады. Еңбек өнімділігі 4,2%-ға ұлғайып, $13,1 мың құрады.

Бұдан өзге, 2015–2017 жылдары инвестициялар көлемі 132,7 млрд теңге болатын 30 жоба іске асырылды. 2018 жылы ИИДМБ аясында 52,3 млрд теңгеге 4 жоба енгізілді, 1146 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды. 2018 жылы Астана қаласының маңындағы Азық-түлік белдеуі бойынша жалпы 26 млрд тг сомасына 13 жоба іске асырылды.

Шағын және орта бизнесті дамыту

2019 жылғы 11 қаңтардағы жағдай бойынша 114 мың азаматтан орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде 72 962 адам немесе 63,9% өзектендірілді. Бұдан өзге, қазіргі таңда 41,1 мың адамды заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өнімді жұмыспен қамтуға тартуды қажет ететін азаматтардың жалпы санынан 4782 азаматқа немесе 25,6% жұмыспен қамтуда қолдау шаралары көрсетілді.

2018 жылы облыста 12 727 жаңа жұмыс орындары ашылды, олардың 8035 — тұрақты. Қоғамдық жұмыстарға 2817 адам жіберілді. Барлық қаржыландыру көздерінен 15 288 аз қамтылған азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілді.

Өнімді жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша жоспардағы 2 665 адамнан 2 903 адам немесе 108,9% қамтылды. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 1,7 мыңға жуық адам немесе жоспардың 116,1% қамтылған, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлаумен 1190 адам немесе 100% қамтылды.

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 2 мыңнан астам адам оқытылды, 3,7 млрд теңгеге 923 шағын несие берілді. «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» үшінші бағыты бойынша жастар тәжірибесіне – 733 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 809 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 2817 адам жіберілді.

 Білім беруді дамыту

Облыста мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен 3–6 жас аралығындағы 41 мыңнан астам бала немесе 99% қамтылған. Өткен жылы 20 мектепке дейінгі ұйым ашылып, 2,3 мың орын пайда болды. Айта кету керек, өңірде педагогика қызметкерлерінің сапалы құрамы жақсартылды: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар мамандар — 1661 адам. Ақмола облысында 431 толық жұмыс күнімен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда 10342 орын берілген.

Бұдан өзге, 47 балабақшада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жағдайлар жасалды. 7 жасқа дейінгі балаларды кезекке қою автоматтандырылған мемлекеттік қызметіне 148 балабақша немесе 63,8% қосылды. Бейнебақылау жүйелерімен 92 мемлекеттік балабақша немесе 67% жабдықталды, 1,3 мың камера орнатылды.

Орта білім беруде 2018 жылы мектептердің 3, 6 және 8-сыныптары жаңартылған білім мазмұнына көшті, толық көшу 2021 жылы аяқталатын болады. Жаңа бағдарламалар бойынша шамамен 89 мың оқушы немесе 73% білім алып жатыр.

Сонымен қатар, 2018 жылы жаңартылған білім беру мазмұны аясында 3,8 мың мұғалім біліктілігін арттырды. Биылғы оқу жылының басынан бері жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде 11 пилоттық мектепте толық жүктелуімен және 182 пилоттық мектепте ішінара жүктелуімен оқи бастады. 388 педагог тілдік курстарда біліктілігін арттырды.

Жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізу 6300-ден астам оқушы контингентімен облыстың 7 қалалық мектебінде жалғасын тапты. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту үшін жағдайлар 334 мектепте немесе 59,6%-да құрылған, инклюзивті білім берумен 2565 бала немесе 60,4%-ы қамтылған. Әлеуметтік жағынан осал отбасылардың барлық балаларына тегін ыстық тамақ беріледі (12490 оқушы), оқушыларды (5799 оқушы) тасымалдау 100% қамтамасыз етілді. Жеткізу үшін 170 автобус пайдаланылады (өткен жылы сатып алынды: 20 — облыстық бюджет есебінен және 11 — жергілікті бюджет есебінен).

Білім беру жүйесінің инфрақұрылымын жаңғырту аясында 2018 жылы 18 білім беру нысанын салуға және реконструкциялауға 6,3 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 1 300 орынға 4 мектеп, Көкшетау қаласының №18 ОМ 420 орынды қосымша оқу корпусы, Көкшетау қаласы Боровской шағын ауданында 280 орынды балабақша пайдалануға берілді және Зеренді ауданы Зеренді ауылында М. Ғабдуллин орта мектебінің спорт залын салумен оқу корпусының ғимаратын және Қорғалжын ауданының Арықты ауылындағы мектеп-интернатын реконструкциялау аяқталды. 12 білім беру ұйымына 1,2 млрд теңгеге күрделі жөндеу және 630 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұланды ауданы Алтынды ауылындағы мектептің апаттылығы жойылды. Үш ауысымды оқытуды жою үшін Көкшетау қаласында №18 МГ 420 орынды қосымша оқу корпусы пайдалануға берілді, 3 мектептің құрылысы жүргізілуде (Бурабай ауданының Щучинск қаласында 800 орынды, Қоянды ауылында 1200 орынды және Целиноград ауданының Қажымұқан ауылында 300 орынды).

Қысқа мерзімді кәсіби оқумен жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасынан 1,7 мыңнан астам адам қамтылған, оның ішінде 2 мобильді оқу орталығы арқылы — 308 адам.

Жалпы кадрларды даярлау экономиканың 13 саласы бойынша 94 мамандық және 139 біліктілік бойынша жүргізіледі. Қазіргі заманғы оқыту жабдықтарымен 146 оқу-өндірістік шеберханалар, кабинеттер жабдықталған. Қосарлы білім берудің негізгі қағидаларын 26 колледж немесе 76,5%, экономиканың 7 саласы бойынша (280 кәсіпорын, 2196 студент) енгізді.

Адам капиталы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының бағыттарын іске асыруға 4,3 млрд теңге бағытталған (тұрғындарды иммунизациялау, СӨС қызметі, скринингтік бағдарлама, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету).

ЖАО ақпаратына сәйкес, облыста туберкулезбен ауыру 12,6%-ға, қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім — 24,1% -ға төмендеді. 2018 жылы облыста 12 мыңнан астам сәби дүниеге келді, бала туу 1000 адамға шаққанда 16,6 тең болды. Нәрестелер өлім-жітімі 15,4%-ға төмендеді. Облыста психикалық бұзылулармен ауыру көрсеткіші 12,2%-ға, есірткіні теріс пайдалану 22%-ға төмендеді. Сондай-ақ, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 10,5%-ға төмендеген.

Медицина ұйымдарында жалпы практика дәрігерлеріне (ЖПД) және бөлінетін учаскелерге жүктемені азайту үшін қосымша 22 ЖПД учаскесі құрылды, белгіленген халық саны 1 учаскеге 1640 адамды құрайды. Сонымен қатар, жергілікті терапевттер мен педиатрларға жүктеме азайды.

2018 жылы денсаулық сақтаудың күрделі шығыстарына 1,9 млрд теңге бөлінді, соның ішінде материалдық-техникалық жабдықтауға 1,3 млрд теңге, 280 медициналық техника сатып алынды. 13 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді.

«Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» бағыты бойынша 2018 жылы амбулаториялық деңгейде жалпы сомасы 3 059 млн теңгеге дәрі-дәрмектер таратылды, 676 727 рецептер шығарылды және берілді.

 Тұрғын үй мәселесі

 «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2018 жылы арендалық және несиелік үйлерді салуға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге 8,4 млрд тг бөлінді. 12 ай ішінде 478 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,1% құрайды: жылдық жоспар 102,9% орындалды. Жалпы, облыста 4,5 мыңнан астам отбасы тұрмыс жағдайын жақсартты.

Сонымен қатар, 2017–2018 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің қоры есебінен төтенше жағдайлардың салдарын жоюға байланысты бірінші кезекті жұмыстарды орындау үшін Атбасар қаласында 10 үй салуға 3,2 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді. 2018 жылдың шілде айында алты 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Осы жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша Ақмола облысында «7–20–25» ипотекалық тұрғын үйді несиелендіруді жүзеге асыру аясында 141,1 млн теңгеге 18 өтініш бойынша несие берілді.

Айта кетейік,  Қазақстан өңірлерінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облысты және жалпы елімізді әлеуметтік-экономикалық дамытуды жаңғырту мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып жатыр.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика