Экономика

Ұлттық экономика министрлігі бизнеспен ашық диалог құруды жалғастырады

2018 жылғы мамырда Мемлекет басшысы қол қойған Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру жөніндегі заң қазақстандық бизнес үшін ерекше оқиға болды. Бұл заңдағы басты реформаның бірі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін түбегейлі өзгерту болып табылады. Ол ағымдағы жылдың басынан қолданысқа енгізілді.
Нұр-Сұлтан25 Қаңтар , 15:52

 «Биыл ішінара тексерудің орнына «алдын ала бақылау» секілді жаңа институт енгізілді. Ол бизнес пен биліктің арасындағы өзара әріптестік қарым-қатынасты құруға және бақылаушы органға сенімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Яғни, қазірде тексеріс жүргізудің мақсаты кәсіпкерді жазаға тарту емес, заң талабы бұзылуының алдын алуға жәрдем және кеңес беру», - деді Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов.

Бақылау субъектісіне анықталған заң  бұзушылықты жою үшін белгілі бір уақыт беріледі. Егер ол жойылмаса, мемлекеттік органға қайтадан, демек жоспардан тыс тексеріс жүргізу құқығы беріледі.

«Осылайша аталған институт бизнесті шын мәнінде заң талабын әділ сақтауға ынталандыруға, сондай-ақ қызмет ету менталдылығын өзгерте отырып, тексерушілердің санасын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді деп сенеміз», - деді А. Жақыпов.  

Қазір де Ұлттық экономика министрлігіне жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және олардың құқығы мен мүддесін қорғау бойынша бақылау функциясы берілген. Яғни, бұл құзырет бізге кез келген мемлекетік органның кәсіпкерлерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізуін, рұқсат беру және рұқсаттамалар рәсімдерін көрсетуін, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібін сақтауын тексеруге құқық береді.

«Осылайша, заң талаптарының сақталуы жөніндегі тексеру бизнес субъектілеріне ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік органдарға да жүргізіледі. Бұл бақылау шараларының шеңберінде біз мемлекеттік органдардың заң талабын сақтауын, ең бастысы, бизнес субъектілерінің құқығының сақталуын қадағалайтын боламыз», - деді ол.




Яндекс.Метрика