Инвестициялар

Самұрық-Қазына: 2018 жылдың негізгі қаржылық көрсеткіштері

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2018 жылғы жұмысын қорытындылады. Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов былтырғы жылғы негізгі қаржылық көрсеткіштер туралы айтып берді. Компанияның нәтижелері жайында толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Нұр-Сұлтан21 Қаңтар , 16:11

«Самұрық-Қазына» АҚ- басқарма  төрағасы  Ахметжан Есімов айтып өткендей,  компанияның қарызы 1 трлн теңгеге қысқарған.

«Еншілес компаниялардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Бұл қор тобындағы қарызды 1 трлн теңгеге қысқартуға мүмкіндік берді.Сыртқы қарыздың мөлшері 3,2 млрд долларға ( 18,5 доллардан 15,3 долларға  дейін)», - деді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы А. Есімов.

Төраға айтып өткендей, мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыздың мөлшері 331 млрд теңгеден 66 млрд теңгеге дейін немесе 80%-ке азайды.

«Сондай-ақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша өсім байқалады.Негізгі қызмет көзінен түсетін табыс өткен жылғыдай 31%-ке өсіп, 8,3 трлн теңгені құрады.Таза табыс 37%-ға  немесе 821 млрд теңгені құрады. Ал операциялық кірістің 1 трлн теңгеден асты», - деді А.Есімов.

Сондай-ақ,  Ахметжан Есімов 2018 жылы жекешелендіру аясында компанияға 230 млрд теңге мөлшерінде пайда түскенін мәлімдеді.

«Жекешелендіру кешенді бағдарламасы аясында 31 актив сатылды. Нәтижесінде 230 млрд теңге пайда түсті», - деді ол. 

Сонымен қатар  Ахметжан  Есімов былтыр «ҚазАтомӨндіріс» компания акцияларының халықаралық IPO-ға шығарылғанын атап өтті.

«Бұл 451 млн доллар пайда табуға мүмкіндік берді. Қаржы ұлттық қорға түсті», - деп түйіндеді сөзін Басқарма төрағасы.

Сонымен қатар, Ахметжан Есімов өткен жылы компания 821 млрд теңге таза пайда тапқанын мәлімдеді.

Алдымен ол  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ еншілес компаниялардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтіп, бұл қор тобындағы қарызды 1 трлн теңгеге қысқартуға мүмкіндік бергенін жеткізді.

«Сыртқы қарыздың мөлшері 3,2 млрд долларға ( 18,5 доллардан 15,3 долларға  дейін) қысқарды. Мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыздың мөлшері 331 млрд теңгеден 66 млрд теңгеге дейін немесе 80%-ке азайды», - деді Ахметжан Есімов өткен жылды қорытындылауға арналған отырыста. 

Сонымен қатар төраға 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша өсімге қол жеткізгенін айтты.

«Негізгі қызмет көзінен түсетін табыс өткен жылғыдай 31%-ке өсіп, 8,3 трлн теңгені құрады. Таза табыс 37%-ке немесе 821 млрд теңгеге өсті. Ал операциялық кіріс 1 трлн теңгеден асты», - деп түйіндеді сөзін ол.

Өз кезегінде  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Пірметов өткен жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының тауарларды сатып алу жүйесіне шағын және орта бизнес өкілдері де қатыса алатынын атап өтті.

«Біздің компаниядардың сатып алу жүйесіне орта және шағын бизнес өкілдері қатысуға мүмкіндік берілді. Бұл қандай мүмкіндік берді? Біріншіден, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, бұл Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуына оң әсер береді. Аталған сатып алулардың қорытындысы бойынша тек қана бір жылдың ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 22 млрд теңгені үнемдеді. Ал барлық сатып алудың қорытындысы бойынша 121 млрд теңге үнемделді», - деді Әлішер Пірметов өткен жылдың қорытындысына арналған брифингте.

Осы орайда ол offtake келісім шарттарының маңызына тоқталды. Оның айтуынша, аталған келісім шарт елімізде бұрын болмаған жаңа өндіріс орындарын ашуға мүмкін береді.

«Өткен жылы алғаш рет offtake келісім шарттарын енгіздік. Келісім шарт негізінде Қазақстанда шығарылмайтын тауарларды «отандық тауар өндірушілер шығарамыз, сол өндірісті елімізде орналастырамыз» десе, біз олармен ұзақмерзімді келісімшартқа отырамыз», - деді директор.

Сонымен қатар Әлішер Пірметов өткен жылы аталған келісім шарт негізінде екі жоба жүзеге асқанын хабарлады.

«Азия трафа» компаниясымен бірге Қазақстанда тұңғыш рет жоғары қуатты трансформаторлардың өндіру жобасын қолға алдық. Өткен жылдың желтоқсан айында жоба іске қосылды. Компания бізбен 4 млрд теңгеге келісім шартқа отырды. Екінші жоба «Қазмұнайгаз» компаниясына тиесілі. Ол қысымды өлшейтін құралдарды шығаруға байланысты. Осы екі жобаны біз өткен жылы іске қостық», - деді ол.

Оның пікірінше, аталған жобалар жүзеге асыруды жалғастыру маңызды.

«Біріншіден, аталған тауарлар Қазақстанда шығарылмағандықтан отандық компаниялардың қаржысы негізінен Ресей және Қытайға кетіп жатты. Енді аталған қаржы елімізде қалатын болды. Екіншіден, Қазақстанда бұрын болмаған өндіріс орындары ашылды. Үшіншіден, жаңадан ашылған өндірістер орындарының есебінен мемлекеттік бюджетке төлейтін салық мөлшері ұлғайды. Бұл жұмыстар 2019 жылы да жалғасады», деп түйіндеді сөзін Әлішер Пірметов.

Аягөз Құрмаш 

Фото: Нұржас Жақсыбай 




Яндекс.Метрика