Өңірлер

Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Ақтөбе облысы 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы қаралып, 2019 жылғы негізгі міндеттері белгіленді. Мәселен, Ақтөбе облысы екі жыл қатарынан экономика өсімін 5% деңгейде ұстап келеді.
Нұр-Сұлтан21 Қаңтар , 11:05

«Жұмыла атқарған жұмыстардың, Елбасы, Үкімет қолдауларының және барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың арқасында біз Президенттің экономика дамуының қарқынын төмендетпеу жөніндегі тапсырмасын орындай алдық. Барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өсімге қол жетті. Біздің осы жылғы міндетіміз – өңірді әрі қарай дамытып, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін барлық резервтерді пайдалану»,-деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 2018 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өсімінің деңгейі 5,6% қамтылған, рекордтық сома болып табылатын 1,9 трлн. теңгеге өнім өндірілген. Ауыл шаруашылығы өсімі 6,2% деңгейде, барлығы 228 млрд теңгеге өнім өндірілді.

Экономикаға 516 млрд теңге инвестиция тартылды, өсім 10,8%. Сондай-ақ, 900 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарының көлемі облыс бойынша 9,5% өсті. 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Шоғырландырылған бюджетке 13% өсіммен 535 млрд. теңге рекордтық көлемдегі қаражат түсіп, бюджетті игеру 100% құрады.

Өңір басшылығы әлеуметтік-экономиканы әрі қарай дамыту мақсатында 2019 жылы бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, елді мекендерде инфрақұрылымды дамыту кезінде бюджет қаражатын неғұрлым тиімді жұмсау үшін «Адамдар инфрақұрылымға» моделі негізінде облысты дамытудың 5 жылдық жаңа бағдарламасы әзірленетін болады.

Бұдан басқа, бос кен орындарының әлеуетін пайдалануға жұмыстар жасалады. 2018 жылы 18 кен орны бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар жасалды. Бұл ретте әлеуеті ашылмаған әлі де 160 резервтік кен орны бар.

Жергілікті билік күші сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамытуға да бағытталатын болады. Бұл үшін 22 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған, оның ішінде 5,1 млрд теңге «Бес әлеуметтік бастама» аясында шағын несиелеуге бөлінеді.

Денсаулық сақтау басқармасында МЖС аясында Ядролық медицина орталығы, Чек-ап орталығы, балалар онкологиялық гемотология орталығы сынды бірегей жобаларды жүзеге асыру жалғасып, білім саласында кем дегенде 25 жеке балабақша мен 10 жаңа мектеп ашылмақ.

Айта кетейік, былтыр облыстағы барлық мектептер жаңа компьютерлермен 100% қамтылса, биыл Елбасы тапсырмасына сәйкес барлық балабақшалар мен мектептер бейнекамералармен жарақтанатын болады.

Бұдан өзге, осы жылға 1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру, кем дегенде 50 өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту, 21 мың жаңа жұмыс орындарын құру және ақтөбеліктердің еңбекақысын әрі қарай көбейту міндеттері қойылған.

Кездесу Ақтөбе әкімі Ілияс Испановтың қаланың 150 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы туралы есебімен аяқталды. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мерейтойға дайындық жұмыстарына әр ақтөбеліктің белсенді қатысуы керектігін атап өтті.

«Мерейтой қаланың дамуындағы маңызды кезең болуы керек, концерттер мен басқа да ойын-сауық іс-шараларын өткізумен ғана шектелуге болмайды. Бұл оқиғаны біраз жылдар бойы еске түсіретін және ақтөбеліктердің пайдасына қызмет ететін көптеген жобалар болады. Оларды іске асыруға ерекше жауапкершілікпен қарау керек. Сонымен қатар, бір де бір ақтөбелік өз қаласын дамыту үшін сырт қалмай, өз үлестерін қосуы керек. Біз барлығымыз бірге күш - жігерімізбен көп нәрсе жасай аламыз», - деді облыс әкімі.

 

 




Яндекс.Метрика