Экономика

Әр кәсіпкермен жеке байланыс орнатылады – ҰКП

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан бойынша барлық бизнес-субъектілер арасында сауалнама жүргізудің басталғаны туралы хабарлады. Кәсіпкерлермен тығыз тікелей байланыс орнату,бизнестің түйіткілді мәселелерін белгілеу және шешу мақсатында республикалық сауалнаманы жүргізу көзделіп отыр. Кәсіпкерлер жұмысының тиімді бола түсуіне «Атамекен» ҰКП тағы қандай шараларды жүзеге асырып жатқанын келесі материалдан оқи аласыздар.
Нұр-Сұлтан17 Қаңтар , 12:39

Сауалнама екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – «Атамекен» деректер базасын қолданып, кәсіпкерлерге телефон арқылы жүргізілетін сауалнама. Екінші кезең – бизнес-объектілеріне барып, кәсіпкерлермен жеке сұхбаттасу кезеңі.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының филиалдық желісі қалалық және аудандық деңгейде жұмыс жасауда. Кәсіпкерлермен қарым-қатынас орнату тәжірибесі көрсетіп отырғандай, төрт негізгі бағытта кәсіпкерлер жиі кезігетін мәселелер - ол несие және қаржылық құралдарына қолжетімділік, өнімді сату, құқықтық реттеу мәселелері, сонымен қатар біліктілікке қатысты болып отыр. Сауалнама аясында жиналған ақпарат Ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалдарының жұмысын күшейту мақсатында барынша бірегей мәлімет болмақ. Осыған байланысты кәсіпкерлерді сауалнамаға барынша атсалысып, қолдау көрсетеді деген үміттеміз», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

Э. Жұмағазиев айтып өткендей,  кәсіпкерлерді қандай мәселе толғандыратынын анықтау үшін аталған сауалнама іске қосылады.

«Олардың мәселесін түсінгіміз келеді. «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізуді бастады. Ендігі мақсат әр кәсіпкермен жеке байланыс орнату. Бұл мақсатты біз айттық. 1 млн 200 мыңға жететін кәсіпкер бар. Оның ішінде үлкені және кіші бизнес бар. Ең бастысы шағын бизнес өкілдерімен байланыс орнату. Олардың мұң-мұқтажын білу. Қазіргі таңда цифрлық технологиялар көп қой. Бұрын аталған технологиялар болмағанда қиын болған. Ассоциялар, комиттер бар. Олардың мұң-мұқтажын өткізетін», - деді Э.Жұмағазиев.

Сондай-ақ, Төрағаның орынбасары айтып өткендей,  смартфондар, қосымшалар арқылы әрбір бизнесмен тікелей байланыс орнатуға болады.

«Мемлекеттік бағдарламадан қарап отырсақ, кейбірінің телефоны дұрыс емес, кейбірінің ЖСҚ-сі дұрыс емес, кейбірінің электрондық почтасы жоқ. Ал енді кәсіпкермен кері байланыс орнату үшін оның бәрі керек. Бүгіннен бастап өңірлердегі 300-ден астам «Атамекен» ҰКП-ның қызметкерлері осы сауанламаны жүргізуді бастады. Оған қосымша сall-center арқылы кәсіпкерлерге қоңырау шаламыз», - деді  Э. Жұмағазиев.

Ол айтып өткендей,  алдымен  сауалнама арқылы кәсіпкерлердің ақпараттық базасына талдау жүргізгізіледі.

« Бизнестегі өзекті мәселелерді білу. Үшіншіден, олармен тығыз байланыс орнату. Бүгіннен бастап өңірлердегі 300-ден астам «Атамекен» ҰКП-сының қызметкерлері осы сауанламаны жүргізуді бастады. Мысалы, Маңғыстау облысында Түпқарағай ауданынан басталды. Алматыда дүкендерден бастадық. Біз барлық кәсіпкерге барып, олардың мәселесін түсінгіміз келеді», - деді ол.

Төрағаның орынбасары айтып өткендей, жұмыстың көлемі көп болғандықтан, күніне 7-8 мың кәсіпкерге сауаланама жүргізіледі.

«Бұл біздің алдымызға қойып отырған мақсатымыз. Біз кәсіпкерлерді осы шараға белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Біз әрбір кәсіпкерге түсіндіргіміз келеді. Олардың мәселесі туралы тиісті ақпаратты жинаған соң, Үкімет пен әкімдікке нақты ұсыныспен барамыз. Кейін оларды шешуге тырысамыз», - деді ол.

Сондай-ақ, Төрағаның орынбасары Түркияның тәжірибесін мысалға алды.

«Мысалы, Түркияны мысалға келтірейін. Онда 1 млн кәсіпкер бар.Олар жылына бір рет жиналады. Онда «Атамекен» ҰКП сияқты «ТОП» деген үлкен ұйым бар. Сол ұйым Барлық кәсіпкердің электронды почтасына сауалнама жібереді екен. Қандай мәселелеріңіз бар деп. Мәселелер туралы тиісті ақпаратты жинап алып, жылда олар үкіметке барады. Үкіметтен сол мәселелерді шешпей, тараспайды екен. Мәселені шешуге бір ай қажет пе? Сол уақытта министрлер, вице-министрлер келеді. Бірақ мәселені шешпей тараспайды екен. Сондықтан олардың кәсіпкерлердің мәселесін жылда шешіп отырады. Қазіргі таңда осындай деңгейдегі жұмыстарды жасағамыз келіп отыр», - деді Э.Жұмағазиев.

Ол айтып өткендей, барлық кәсіпкерлердің мәселелері жинақталып, Үкіметке шешу үшін жөнелтіледі.

«Жүргізілетін сауалнама аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары кәсіпкерлердің «Atameken Services» порталына тіркелуіне көмектесіп, тегін сервистік қызмет түрлерімен таныстырады. Порталда 60-тан астам онлайн режимде берілетін пайдалы және тегін қызмет түрлері шоғырланған», - деді ол.

Бұдан бөлек кәсіпкерлердің «Atameken services» порталы арқылы тегін түрде бизнес-жоспарды құру, салықтық есептілік, нарыкка маркетингтік зерттеу жүргізу қызметтерін алуына мүмкіндік береді. Жалпы порталда 60-тан астам қызмет түрі 4 негізгі бағыт: «Қаржыландыру», «Біліктілік», «Құқықтық орта» және «Сату» бойынша көрсетіледі.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика