Заңның үстемдігі

Мемлекеттік органдар тиімділігін арттыру бойынша ауқымды жұмыс жасап жатыр – Ә.Ахметов

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында азаматтардың қажеттілігіне бағытталған мемлекеттік аппаратты дамыту бойынша міндет қойған. Мемлекеттік органдар жаңашылдықтар енгізуде. Алайда, бүгінгі күнге бұл жеткіліксіз.Мемлекеттік қызметшілерге қалай өзгеру қажет? Аталмыш сұраққа ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Әлтаир Ахметов жауап беріп көрді.
Астана қаласы28 Желтоксан , 16:24

Ә.Ахметовтың айтуынша,  мемлекеттік органдар  қазіргі таңда көбінесе операциялық қызметтермен айналысады. Бұл ретте стратегиялық және инновациялық қызметке көшуі қажет. 

«Бүгінгі күнде мемлекеттік органдар өз тиімділігін арттыру бойынша үлкен жұмыс атқаруда. Шешім қабылдау барысында азаматтардың әл-ауқатын арттыру басым болу керек. Тиісінше, азаматтардың пікірін толықтай есепке ала отырып, шешімдерді қоғамның және бизнестің ұстамына қарай қабылдау керек. Кейбір мемлекеттік органдардың қызметі үнемі ашық әрі айқын бола бермейді. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жиі айтылады. Сондықтан қазіргі кезде Агенттік пен көптеген мемлекеттік органдар жағынан ашықтық әрі қолжетімділік қамтамасыз етіледі», - деді Ә.Ахметов.

Мемлекеттік басқару  академиясының вице-ректоры  айтып өткендей,  қазіргі уақытта мемлекеттік қызметке заманауи технологиялар енгізілуде.

«Сондықтан талант-менеджментті енгізуді және мемелкеттік қызметшілердің құзыреттіліктерін арттыру, оларды инновацияларды енгізу және әлеуетті ашу процестеріне қатыстыру қажет.Әлемде және біздің елімізге жылдам өзгерістер; жаңа геосаяси сын-тегеуріндер; белгісіздік деңгейінің өсуі, азаматтық белсенділік деңгейінің өсуі сынды мега-трендтер үдетіле түсуде», - деді ол.

Ә. Ахметов айтып  өткендей, бүгінде өзгеріске немесе жетілдіруге көптеген аспектілер жатуы мүмкін, дегенмен Академияның сарапшылары мынадай маңызды немесе жүйелі өзгерістер бағыттарын баса атап көрсетуде, олар: мемлекеттік органдардың ұйымдық мәдениті,шешім қабылдау технологиялары,формализм және бюрократия,мемлекеттік қызметшілердің білім алуға және өзін-өзі дамытуға деген қатынасы.

«Мемлекеттік орган мен мемлекеттік қызметшілердің жұмысын өзгерту тетіктері қатарынан келесілерді атап өтуге болады.Кейінге қалдырмаушылық атмосферасын құру.Бизнес үдерістерге бірінші басшылардың қатысуын қамтамасыз ету.Мемлекеттік органдарда«реформаторлар командаларын – өзгеріс агенттерін», жоғары мінез-құлық мәдениетімен, қоғаммен өзара қарам-қатынас және идеялар жасаудаүлгі бола алатынмемлекеттік қызметшілердіұйымдастыру.Төменнен-жоғары қарай» шешім қабылдау тетіктерін қолдануды бастау сынды бастамалар кіреді», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика