Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

2018: Қазақстанның экспорттағы жетістігі

Етті экспортқа шығару жоспары 25 пайызға артық орындалды. Ет экспортының көлемі 18,8 мың тоннаны құраған. Ал жоспарланған көлем 15 мың тонна. Сыртқа шығарылған еттің тең жартысы Түркістан облысына тиесілі екен. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2017 жылы экспортқа шыққан еттің көлемі 5,5 мың тоннаны құраған. Мал шаруашылығы мен экспортқа қатысты жылдың нәтижелерін Strategy2050.kz АА әзірлеген материалдан оқи аласыздар.
Астана қаласы26 Желтоксан , 16:28

Биылғы  екінші жарты жылдықта  шағын және орта шаруашылықтарға негізделген «Етті мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасын іске асыру басталып кетті. Оны жүзеге асыру үшін арнайы жеңіл несие беруді қарастыратын «Сыбаға»  бағдарламасы бастау алды. Жұмыс жылдың екінші жартысында басталғанымен белгіленген межеден артық орындалды. Бүгінгі таңда 700 фермер несие алды.

Шаруашылықтардың ірі қара  мал сатып алу бойынша жылдық жоспары 50,0 мың бас. 11 айда 67 мың басқа өтінім қабылданып, 55 мың бас малға берілген өтінім қабылданып, несие берілген. Сондай-ақ «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 170 мың бас қой сатып алынған

Аналық малды асылдандыру бойынша жоспар 1,0 млн.бас.  Бүгінгі таңда асылдандыруға 977 мың бас мал тартылды.Қазақстанға 14,5 мың бас ірі қара әкелінген. Аз уақыт мал әкелуде кідіріс болды, оған себеп импорттаушы елдердің эпизоотиялық жағдайы.

Жалпы,  32 тонна ет және ет өнімдері экспортталды. Экспорт  негізінен  Ресей, Өзбекстан  нарықтарына бағытталып отыр. Мал шаруашылығы өсімі  4 пайызға өсіп, 1,8 трлн теңгені құрады.Биыл  қой еті де белсенді экспортталды. Иран, Бахрейн, Өзбекстан  мемлекеттеріне 3300 тонна ет экспортталды. Соның бірі қараша айында алғаш рет Қытай нарығына қой  етін экспорттадық. Қытай нарығымен келісім орнатылғаны белгілі. Қазіргі таңда  Қытай бағытымен өзара келісім жасалынды.

Сондай-ақ, 2018 жылы 15,1ц/га астық өнімділігінен 22,8 млн.тонна бидай жиналды. Жалпы астық көлемі өткен жылдан 760 мың тоннаға немесе 3%-ға артық, астық өнімділігі 0,6 ц/га немесе 4%.

Қияр бағасына қатысты айтатын болсақ, спикерлер биылғы жылы қияр егу көлемі 2,5 мың гектарға артқан, жалпы өнім көлемі 460 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдан 50 мың тоннаға артық. Ішкі нарықтағы сұраныс 480 мың тоннаны құрап отыр.

Көкөніс бағасының күрт өсуі күннің мерзіміне байланысты. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген себептен бөлек азық-түлік тауарлары бағасының өсуі – тауарлардың және өнімнің бағасының артуына тікелей әсер етеді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында өңірлер азық-түлік өнімдеріне өңірлік тұрақтандыру қорларын құрып жатыр, Қазақстанның 5 ірі қалаларында көтерме және бөлшек сауда орталықтары құрылысы жүргізілуде.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика