Парламент

Үкіметке Сенат депутаттары 100-ден аса сауал жолдады – Қ.Тоқаев

Сенат Бюроның қорытынды отырысын өткізген Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 2018 жыл ел тарихында өзінің лайықты орнын алатынына, Сенат жыл ішінде жоспарлы әрі мазмұнды жұмыстарды атқарғанын атап өтті.
Астана қаласы24 Желтоксан , 17:46

«Елбасы ұсынған реформаларды жүзеге асыруға бағытталған маңызды заңдар уақытылы қабылданды. Қабылданған заңдардың басым көпшілігі Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауларында айқындалған және сессияны ашу кезінде берілген нақты тапсырмаларын орындауға бағытталған.Сенат депутаттары атынан берілген сауалдарға Үкіметтің қайтарған жауаптарының басым көпшілігіне депутаттардың көңілі толмай отырғанына Үкіметтің назарын аударамын», - деп атап өтті.

Қ.Тоқав Сенаттың отырыстарында жалпы 80-ге жуық заң жобасы қаралып, олардың 70-тен астамы қабылданғанын, ал 8-і Мәжіліске қайтарылғанын айтты және жыл ішінде Сенат  өзекті тақырыптарға арналған жетпіске жуық маңызды іс-шаралар өткізгенін, нәтижесінде атқарушы органдарға нақты ұсыныстар беріліп, олардың орындалу барысы комитеттердің ұдайы бақылауына алынғанын жеткізді.

«Үкіметке Палата депутаттары атынан 100-ден аса депутаттық сауал жолданды. Сауалдарға берілген жауаптардың басым көпшілігіне депутаттардың көңілі толмай отырғанына Үкіметтің назарын аударамын», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Келесі жылы Елбасының тапсырмаларын орындауға бағытталған маңызды заң жобаларының топтамасы күтіліп отырғанын, жыл басында Парламенттің қарауында  60-қа жуық заң жобасы болатынын, олардың 10-ы Сенатта екенін айтқан Қ.Тоқаев заң жобалары қаңтар-ақпан айларында қаралатынын айтты.

 «Біз жұмысымыздың сапасын одан әрі жақсартып, отандық заңнаманы жетілдіре беруіміз қажет. Бұл - біздің ең басты міндетіміз», - деді.

                                   

 




Яндекс.Метрика