Адами капитал

Жаңа жылдан бастап тарифтер төмендейді

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин төмендету, тариф белгілеудің ашықтығын күшейту, монополистердің тарифтік сметаларды және инвестициялық міндеттемелерді орындауын бақылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді.
Астана қаласы20 Желтоксан , 15:07

Айта кетейік, 10 желтоқсанда тариф саясатының ашықтығына және тарифтерді төмендету бойынша қабылданатын шараларға арналған дөңгелек үстелде Серік Жұманғарин алдағы уақытта коммуаналдық қызметтердің тарифтері қай салаларда және қай өңірлерде төмендейтіні туралы қосымша хабарланатын болады деп атап көрсеткен болатын.

Осыған байланысты, вице-министр келер жылда халыққа қай өңірлерде және қандай салалар бойынша коммуналдық қызметтерге тарифтерінің төмендеуін күтуге болатынын жеткізді. 

Аталған жұмыс Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 7 қарашада Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмасын орындау аясында, сондай-ақ электрмен, жылумен, газбен, сумен жабдықтау және су бұруқызметтерінетарифтерді төмендету бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевтың ағымдағы жылғы 19 қарашадағы хаттамалық тапсырмасы шеңберінде жүргізіліп жатқанын атап көрсету қажет.

«Жылумен жабдықтау саласында:  2018 жылдың 20 желтоқсандағы жағдайы бойынша халық үшін 3 өңірде жылуға арналған тарифтер төмендетілді. Одан басқа,2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалған 14 өңір үшін тарифтерді Қарағанды облысында 2,2%-дан  Түркістан облысында 15,3%дейін (113,2-ден 96 теңге/м2) төмендету болжанып отыр», - деді С.Жұманғарин.

Ол айтып өткендей,  нәтижесінде халықтың қаражатының үнемдеуі жылумен жабдықтау қызметі үшін 6 млрд. теңгеге жуық  құрайды. 

«2018 жылдың 20 желтоқсандағы жай-күйі бойынша халық үшін суға арналған тариф Жамбыл облысында22%(52,3-ден 40,8 теңгеге/3) төмендетілді.Одан басқа, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық үшін қалған 16 өңірде тарифтерді төмендету Павлодар облысында 3%-дан (33,94-тен 32,92 теңгеге/м3)Қызылорда облысында 22,7% (54,6-дан 42,2 теңгеге/м3) болжанып отыр», - деді вице-министр.

Сондай-ақ,  2018 жылдың 20 желтоқсандағы жай-күйі бойынша халық үшін тариф Жамбыл облысында 0,4%-ға (16,4-ден 16,3 теңгеге/3) төмендетілді. Осы ретте, Жамбыл облысындағы тариф Республика бойынша ең төмен екенін атап өту керек.

«Одан басқа, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық үшін қалған 16 өңірде тарифтерді Павлодар облысында3%-дан (20,78-ден 20,16 теңгеге/м3), Солтүстік Қазақстан облысында (69,47-ден 67,39 теңгеге/м3) және Ақтөбе облысында (64,14-ден 62,17 теңгеге/м3) 11,4%-ға дейін Қызылорда облысында (54,07-ден 47,91теңгеге/м3) төмендету болжанып отыр.Нәтижесінде халықтың қаражатының үнемдеуі жалпы сумен жабдықтау  және су бұру қызметі үшін 2 млрд. теңгеден астам құрайды», - деді С.Жұманғарин.   

Вице-министрдің айтуынша,  2019 жылдың 1 қаңтарынан  бастап,болжамдық төмендеу Маңғыстау облысында 3,3%-дан (9,2-ден 8,9 теңгеге/м3) Алматы облысында 17,5% дейін (31,8-ден 26,2 теңгеге/м3)құрайды.

«Осы ретте, халық үшін газға арналған бағаны болжамдық төмендету оңтүстік өңірлерде  мынаны құрайды: Алматы қаласында - 12%(29,8-ден 26,3 теңге/м3), Шымкент қаласында және Түркістан облысында - 6% (30,7-ден 28,9 теңгеге/м3), Жамбыл облысында 6% (24,3-тен 22,8 теңгеге/м3).Нәтижесінде халықтың қаражатының үнемдеуі газбен жабдықтау  қызметі үшін 5 млрд. теңгеге жуық құрайды», - деді С.Жұманғарин.

Ұлттық экономика вице-министрі атап өткендей,  электр энергиясын өңіраралық деңгейде желілер бойынша таратуды жүзеге асыратын «КЕГОК» АҚ-ға қатысты оның тарифі 2015 жылы бекітілген 5 жылдық шекті тариф шеңберінде 2019 жылдың1 қаңтарынан бастап 12%-ға өсуі керек.

« Монополияға қарсы комитет «КЕГОК» АҚ-мен бірге 2019 жылдың1 қаңтарынан бастап, тарифтің өсуін болдырмау және оны қолданыстағы деңгейде 2,4 теңге/кВтс қалдыру туралы шешім қабылдады.Электр энергиясының бөлшек бағасын төмендетудің негізгі факторы  Энергетика министрлігінің электр энергиясы станциясының көтерме бағасын төмендету болып табылады, бөлшек баға құрылымында станциялардың көтерме бағасының үлесі 60% жетеді.2018 жылғы 14 желтоқсанда Энергетика министрлігі 2019 жылғы 1 қаңиарынан бастап, станциялардағы электр энергиясының көтерме бағаларын 2019 жылдың 1 қағтарынан бастап төмендету туралы шешім қабылдады», - деді С.Жұманғарин.

 Нәтижесінде, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық үшін электр энергиясына арналған бөлшек бағаны төмендету Республиканың барлық өңірлерінде күтілуде.

Вице-министр айтып өткендей,  халық үшін бөлшек бағаны болжамдық төмендету Алматы қаласында1,7% (16,36-дан 16,08 теңгеге/кВтс дейін) Атырау облысында 22,32% (5,31-ден 4,12 теңгеге/кВтс дейін) құрады.

«Осы ретте, халық үшін бағаны болжамдық төмендету Шымкент қаласында және Түркістан облысында -  6,8%(14,05-тен 13,09 теңгеге/кВтс).Нәтижесінде халықтың қаражатының үнемдеуі жалпы электрмен жабдықтау қызметі үшін 7,8 млрд. теңгеге жуық құрайды.  Сондай-ақ, заңды тұлағалар үшін электр энергиясына арналған бөлшек бағаларды төмендету 8 өңірде Алматы қаласында 1,7%-дан (16,36-дан 16,08 теңгеге/кВтс дейін) Маңғыстау облысында 18% (17,34-тен  14,10 теңгеге/кВтс дейін)», - деді С.Жұманғарин.

Жалпы тұтынушылардың қаражат үнемдеуі электрмен жабдықтау қызметі үшін 14,5 млрд. теңгеге жуық құрайды. 

«Тұтынушылардың тарифтердің төмендкуі нәтижесінде коммуналдық қызметтер үшін қаражаттардың жалпы үнемдеуі 27,5 млрд. теңгеге жуық құрайды. Жоғарыдағы тарифтерді төмендету қорытындысында айына орташа халықтың коммуналдық қызметке төлем чегінің көлемін төмендетуге (сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау) әкеледі», - деді ол.

Осыйлаша, мәселен, ауаданы 60 м2-ы 2 бөлмелі пәтерде тұрып жатқан  3 адамнан тұратын отбасыныңорташа есеп шотының төмендеуі мынадай мөлшерлерді құрайды. 

Сонымен қатар, бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасын Парламенті Мәжілісінің жұмыс тобы мақұлдаған және Үкіметке тұжырымдауға жіберілген, ол Кәсіпкерлік кодекске монополистерге тексерулер жүргізутетіктерін нығайтатын өзгерістер енгізуді көздейді.

Аягөз Құрмаш        

 

 

 

 




Яндекс.Метрика