Қалыптасқан Қазақстан

Алматылықтар Қазақстан 2050 Стратегиясын жүзеге асырудың алғашқы нәтижелерін сезіне бастады

Алматылықтар Қазақстан 2050 Стратегиясын жүзеге асырудың алғашқы нәтижелерін сезіне бастады. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылауға арналған жиында атап өтті.
Алматы қаласы21 Қаңтар , 10:21

Әкім «Қазақстандық жол – 2050» Стратегиясы біздің республикамыздың одан әрі дамуының және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуінің кепілі деді. Алда тұрған міндеттерді орындауда біздің қаламыздың атқарар ролі ерекше екендігін айтты.

Әкім атап өткендей, соңғы жылдар ішінде өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 5,5%-ға өсіп, 616 млрд. теңгені құрады. Өндірісті өңдеудің үлес салмағы өнеркәсіпте - 78,5%. Алматы қаласы бойынша Индустриализациялау картасы аясында жалпы құны 522 млрд. теңге болатын 28 жоба жүзеге асуда, соның арқасында 5600 жаңа жұмыс орны пайда болуда.

Қала басшысы бұлардың барлығын мегаполистің мүмкіндіктеріне сай екендігімен түсіндірді. Алматы - ірі ғылым мен білім, кадрлық потенциал, мұнда өнідірісті және кәсіпкерлікті одан әрі дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды қолдау үшін қаржы көздері жетерлік. Сонымен қатар республика Астанасымен қатар Алматы таяу арада еліміздің алғашқы урбаникалық орталығы болмақ.

«Үкіметке 2030 жылға дейін Алматыда агломерацияны қалыптастырудың Стратегиясын жыл аяғына дейін жасау тапсырылды. Агломерация бірыңғай әлеуметтік- экономикалық, инвестициялық кеңістік құруға мүмкіндік береді, соның арқасында әлеуметтік, көліктік, инженерлік қызмет көрсетудің, өңірді табиғи – экологиялық жағынан жетілдірудің ортақ желісі жасалады», - деді Ахметжан Есімов.

Сөзінің соңында Алматы әкімі Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау үшін бірқатар құрылымдық бөлімшелер басшыларына тапсырма берді және экономикадағы оң өзгерістер мен жетістіктер қала тұрғындарының тұрмыстық деңгейінің сапалық өсуін қамтамасыз етуі тиіс екендігін ерекше атап өтті.

 




Яндекс.Метрика