Президенттің бес бастамасы

Өңірлерде баспанамен қамту белсенді жүзеге асырылуда

Өңірлерде «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспанаға ие болып, қоныс тойын тойлаған қазақстандықтардың қатары артып жатыр. Мәселен, талдықорғандықтар қоныс тойларын атап өтті. Қаланың Оңтүстік-Батыс ауданында 64 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа баспанаға ие болғандар қатарында мүгедектер, жетім балалар, көп балалы, толық емес отбасылар бар. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Астана қаласы19 Желтоксан , 12:35

Облыс әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, Елбасы халықты қолжетімді баспанамен қамтуға ерекше мән береді. Осыған байланысты «Нұрлы жер», «7-20-25» және басқа да тиімді бағдарламалар қабылданды.

«Облыс бойынша биылғы жылы 706 мың шаршы метр тұрғын үй, ал «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалпы алаңы 34,3 мың га болатын 72 тұрғын үй немесе 468 пәтер халық игілігіне берілді. Солардың бірі - бүгін сіздерге ұсынылып отырған үй. Осы жаңа ғана облыстық көп салалы балалар ауруханасының жанынан неонаталды орталықты ашып келдік, ол сәбилердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Мұндай орталықтар еліміз бойынша санаулы ғана. Жалпы Тәуелсіздік мерекесіне орай облыста маңызды нысандар іске қосылуда. Солардың арасында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, инфрақұрылым нысандары да бар. Алматы облысы жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылап отырғанын атап өту керек»,– деді  А. Баталов.

Жетім бала ретінде пәтер кілтін алған Дина Орманова кезекте 2009 жылдан бері тұрғанын айтты.

«Дәл осындай айтулы мерекеде қуанышымыз еселеніп, жаңа пәтерге кіріп жатырмыз. Осындай мүмкіндік жасаған Мемлекет басшысына шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз, Елбасы біз, жастар үшін барлық қажетті қолдауларды көрсетіп отыр. Біз соған лайық болуға тырысамыз», - деді Д. Орманова.

Атап өтсек, 12 қабатты 64 пәтерлік жалгерлік тұрғын үйдің құрылысын 2017 жылдың шілде айынан бастап «МПФ Жанайдар» ЖШС мердігер ұйымы жүргізген болатын. Жобаның жалпы сметалық құны – 479,7 млн. теңге. Үйдің жалпы алаңы – 4829,6 шаршы метр, пәтерлердің жалпы алаңы – 3325,3 шаршы метр. Мұнда 32 бір бөлмелі, 24 екі бөлмелі, 8 үш бөлмелі пәтерлер бар.

Атап айтқанда Қапшағай қаласында 50 пәтерлі, Алакөл ауданы Үшарал қаласында 60 пәтерлі, Көксу ауданы Балпық би ауылында 20 пәтерлі жалгерлік және несиелік тұрғын үйлер берілуде.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысында Қарғалы ауданының Бадамша ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған алпыс пәтерлі жаңа бес қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. жағынан әлжуаз топтағы отбасылар, бюджет саласының қызметкерлері қоныс тойын тойлады.

Ауыл тұрғындарын көптен күткен жаңалықтарымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.

«Елбасы саясаты әрқашан ең алдымен халықтың әл-ауқатын көтеруге, соның ішінде әрбір қазақстандықты баспанамен қамтамасыз етуге бағытталғанын білесіздер. Соның арқасында Ақтөбе облысында тек облыс орталығында ғана емес, облыс аудандарында да үйлер салынып жатыр. Тек осы жылдың қорытындысы бойынша облыста кем дегенде 900 м2 тұрғын үй салынады және халықты сапалы қол жетімді баспанамен қамту жұмысы жалғасады»,- деді өңір басшысы.

Тұрғын үйдің құрылысына 430 млн теңге бөлінген. Жаңа құрылыстың ауласы да толықтай абаттандырылған – ойын, спорттық, футбол ойнайтын алаңдар орнатылған.

«Президентіміздің саясаты арқасында өз пәтерлеріміздің кілтін алып жатырмыз. Қуанып тұрмын. Мен екі баланың анасымын, ұзақ уақыт бойы «толық емес отбасы» ретінде үй кезегінде тұрдым. Бүгін біздің арманымыз орындалды»,-деді журналистермен әңгімесінде жаңа үйден пәтерлі болған Бадамша тұрғыны Евгения Коминская.

Сондай-ақ,   Түркістан облысының Арыс қаласында  36 пәтерлік үш бірдей көпқабатты тұрғын баспана кезегінде тұрған азаматтарға берілді.

Үш қабаттан тұратын нысандардың жалпы сметалық құны 841 млрд. 781 млн. теңгені құраған. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталып, биыл аяқталған.

Жалпы Арыс қаласында  16 нысан ел игілігіне берілді. Атап айтқанда, үш білім, екі саябақ, үш тұрғын үй, бір спорт алаңшасы, екі бірдей көпір, және екі нысан электр энергиясымен жабдықталып, бірнеше аумақтарға абаттандыру жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша Көкшетауда  90 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді.

 




Яндекс.Метрика