Инвестициялар

Қазақстан 300 млрд АҚШ долларына жуық шетелдік инвестиция тартты

Қазақстан бизнесті енгізуге қолайлы мемлекет екенін шетелдік инвесторлар мойындап отыр. Қазақстанда инвестициялық қызмет атқарып жүрген шетелдік инвесторларды мараппатаудың жыл сайынғы V салтанатты рәсімінде 10 шетелдік инвестор үздік атанды.
Астана қаласы14 Желтоксан , 16:15

Соңғы  13 жылда Қазақстан экономикасына құйылған тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны  300 миллиард долларға жеткен. Бұл нәтижелердің  бастапқы көрсеткіші.

Биыл экономиканың құрылыс, машина жасау, тағам өнеркәсібі секторларында жұмыс істейтін  компаниялар үздік шетелдік инвесторлар ретінде танылды. Олардың ішінде мұнай  химия өнеркәсібі саласына машықтанған  ресейлік  Лукойл компаниясы да бар. «Орталық Азия Лукойл лубрикантс» компаниясының Бас директоры Андрей Матюков Қазақстанда бизнесті ашуға барлық қолайлы жағдай бар екенін жеткізді.

« «Лукойл» компаниясы Қазақстанмен бұрыннан бері байланысты. Компания  дәстүрлі түрде  20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанға инвестиция құйып келеді. Осындай сыйлықты алу біз үшін үлкен мәртебе. Республикада біздің еңбегімізді елейтіні қуантады. Қазір компания майлау  материалдарын өндіретін компанияның құрылысын жүзеге асырып жатыр. Алматы облысында ашылатын ұйымның қуаттылығы 100 тонна болмақ. Қазақстанда бизнесті енгізуге өте қолайлы жағдай жасалған. Біз әр түрлі деңгейдегі биліктен қолдауға ие болып отырмыз. Оның ішінде республикалық деңгей де бар, тікелей Президенттің де қолдауы бар», - деді Андрей Матюков.

Төраға айтып өткендей, аталған  зауытты енгізу келесі жылдың жарты жылдығына жоспарланған.

«Аталмыш жоба бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 94 млн долларды құрап отыр. Компания өзінің инвестициялық жобаларына аса ұқыптылықпен қарайды. Майлау материалдары  көзге көрінбейді, алайда біз оларды  күнделікті өмірде қолданамыз. Ашылатын зауытта соңғы үлгідегі заманауи технологиялар қолданылатын болады. Майлы материалдардың ең соңғы түрлерін өндіретін боламыз. Кәсіпорында 200-ге  жуық жұмыс орны ашылмақ. Біз жұмыс күшін жергілікті халықтан тартуды көздеп отырмыз», - деді А.Матюков.

Өз кезегінде Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев Тәуелсіздік жылдары Қазақстан 300 млрд АҚШ долларын құрайтын шетелдік инвестиция тартқанын жеткізді.

«Қазір инвестиция тартудың әлемдік нүктесі болуға жұмыс істеп жатырмыз. Ол үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Қазақстан соңғы жылдары ауқымды жұмыстарды атқарды. Қазақстан ЭЫДҰ-ның инвестиция комитетіне қосылды. Бұл ұйым инвестициялық ахуалды бақылап отырады. Қазақстан  барлық бағыт бойынша ашықтықты, тәртіптілікті енгізіп жатыр. Капиталы көлемді жобаларды тек қазақстандық компаниялар арқылы жүзеге асыру өте күрделі. Сондықтан да біз трансұлттық, шетелдік компанияларды белсенді түрде тартып жатырмыз», - деді Т.Тоқтабаев.

Вице-министрдің айтуынша, бүгін ерекше аталған шетелдік жобалар 1 млрд долларды құрайтын жұмыстарды атқарып отыр. 2 мыңға жуық  жаңа жұмыс орындарын ұсынып отыр.

« Қазақстанға инвестиция құятын елдер Франция, Ресей, АҚШ, Қытай, Германия. Қазір Елбасының тапсырмасы бойынша шикізаттық емес секторға аса көңіл бөлініп отыр. Шикізат саласы дәстүрге айналған локомотив болып табылады. Жаңа өндірістер пайда болып, бұрын шығарылмаған өнімдер өндіріліп жатыр. Сондай-ақ, біз транзиттік әлеуетті де қолданып отырмыз. Қытай мен Еуропадан тауар жеткізуді жылдам әрі сапалы жеткізу үлкен маңызға ие болып отыр. Сондықтан да Қазақстан  транзиттік әлеуетті толық қолданып отыр», - деді ол.

Айта кетейік, дәстүрге айналған шараны Инвестициялар және даму министрлігі мен «Kazakh invest» Ұлттық компаниясы ұйымдастырды.

Аягөз Құрмаш

Фото: Нариман Мырзабаев

 




Яндекс.Метрика