Экономика

11 айлық қорытынды: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық индикаторы

Алдын ала бағалау бойынша 2018 жылғы қаңтар-қарашада ЖІӨ-нің өсуі 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ды құрады. 6 негізгі саланың даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,8%-ды құрады.Бұл туралы «2018 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы талқыланған Үкімет отырысында мәлім болды.
Астана қаласы11 Желтоксан , 12:04

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, инфляция жыл басынан бастап 4,6% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 3,8%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 5,9%-ға және ақылы көрсетілетін қызметтердің бағалары 4,2%-ға өсті.

«Жылдық мәндегі инфляция 2017 жылғы қарашада 7,3%-ға қарағанда 5,3%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 5,0%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 6,5%-ға, ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы – 4,5%-ға өсті.Айлық инфляция ағымдағы жылғы қарашада 0,9% құрады.Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 18,3% (2018 жылғы қаңтар-қазанда 20,8%, 2018 жылғы қаңтар – қыркүйекте 21,6%, 2018 жылғы қаңтар-тамызда 21,4%) ұлғайды», - деді Т.Сүлейменов.

Министр айтып өткендей, салалар бөлінісінде инвестициялардың елеулі өсуі құрылыс саласында (37,4%-ға, 77,4 млрд. теңгеге дейін), өнеркәсіпте (32,3%-ға, 5 199,7 млрд. теңгеге дейін), жылжымайтын мүлікпен жасалған операцияларда (23,2%-ға, 1 118,6 млрд. теңгеге дейін) байқалады.

«Елдің халықаралық резервтері 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 85,5 млрд. АҚШ долларын құрады және 2017 жылдың тиісті күнімен салыстырғанда 2,7%-ға азайды (2018 жылдың басынан бастап 4,0%-ға төмендеді), оның ішінде Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 0,1%-ға (2018 жылдың басынан бастап 3,1%-ке төмендеді) 56,5 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайды», - деді министр.

ҰЭМ басшысы   халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай кірістері 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте 797,5 мың теңгені құрады және 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 9,9%-ға, нақты мәнде 3,4%-ға өскенін жеткізді.

 Дегенмен, халықтың табысы бойынша өңірлік бөліністе әр бағыттағы серпін байқалып отыр.

«Қаңтар-маусымда 17 өңірдің 13 нақты табыстардың өсуі байқалып отыр. Сонымен бірге, 4 өңірде қысқару байқалуда. Бұл Маңғыстау (-4,5%), Қызылорда (-2,6%), Алматы (-0,4%) облыстары және Алматы қаласы (-0,6%).Орташа айлық номиналды жалақы 2018 жылғы қаңтар-қазанда (бағалау) 159,5 мың теңгені құрады және номиналды мәнде 8,5%-ға, нақты мәнде 2,2%-ға ұлғайды»,  -деді Т.Сүлейменов. .

Министр атағандай, жұмыссыздық деңгейі 2018 жылғы қазанда (бағалау) 4,8%-ды құрады.

«2018 жылғы қаңтар-қарашада саудада (7,6%-ға), көлік саласында (4,6%-ға), өнеркәсіпте (4,5%-ға), құрылыста (3,9%-ға), байланыста (3,0%--ға) және ауыл шаруашылығында (2,9%-ға) өсудің оң серпіні байқалды.2018 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,5%-ға ұлғайды. Өнеркәсіптің өсуіне машина жасау, мұнай өңдеу өнімдерін, химия өнеркәсібінің өнімдерін, шикі мұнайды, табиғи газды және металл кендерін өндіру елеулі әсер етті», - деді ол.

Министр атағандай, шикі мұнайды өндірудің – 4,9%-ға, табиғи газды өндірудің - 4,8%-ға және металл кендерін өндірудің – 4,5%-ға өсуі есебінен кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде өндіріс 4,7%-ға ұлғайды.

«Машина жасау – 15,7%-ға, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру – 9,4%-ға, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру – 7,2%-ға, қағаз және қағаз өнімдерін өндіру– 5,1%-ға, металлургия өнеркәсібі өнімдерін өндіру – 3,7%-ға, жеңіл өнеркәсібі – 3,5%-ға және резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру – 2,9%-ға өсуі есебінен өңдеу өнеркәсібінде 4,9%-ға ұлғаю орын алды», - деді ол.

Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев өз кезегінде 2018 жылғы қарашада инфляция деңгейі 0,9% құрағанын жеткізді.

«Жылдық инфляция қазан айындағы деңгейде сақталып, 5,3% құрады. Бұл жылдық инфляцияның 2015 жылдан бері ең төменгі көрсеткіші. Инфляция жыл қорытындысы бойынша 5–7% мақсатты дәлізінде болады деп болжанған. Биылғы 5 желтоқсанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Аталған шешім теңге мен активтерге деген сұранысты арттыруға жол ашады», - деді ол.

Өз кезегінде  Қаржы министрі Әлихан Смайылов  мемлекеттік бюджеттің кірістері  жоспардан 102,6%-ке асыра орындалды. Бюджетке  7 трлн. 385 млрд.теңге қаржы түскенін айтты. Бұл  2017 жылдың  фактісінен 232 млрд.теңгеге көп.

«Республикалық бюджеттің кірістерінің жоспары 102,1%-ке және жергілікті бюджеттердің - 104%-ке  орындалды.Қаржы министрлігі бірнеше рет жергілікті және орталық мемлекеттік органдармен қаражаттың игерілу барысын  селекторлық кеңестерде талқылады.Осы іс-шаралардың нәтижесінде 2017 жылдың 11 айымен салыстырғанда игеру қарқыны біраз жақсарды», - деді Ә.Смайылов.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98%-ке игерілсе (2017 жылдың 11 айында 97,7%), республикалық – 98,6% (98,6%), жергілікті бюджеттер – 98,2% (97,7%).Есепті кезеңдегі  басты жетістіктердің бірі - тиімді процентпен еурооблигацияларды шығару болды. Ол бюджет тапшылығын қаржыландыруға және Үкіметтің сыртқы қарыздарына диверсификация жасауға  мүмкіндік береді.

Министр атағандай, республикалық бюджетке  5 трлн.254 млрд.теңге кірістер түсті.

Осы жерде атап өту керек, ағымдағы жылдың 11 айдың қортындысы бойынша 2017 жылдың жылдық жоспары (4 953 млрд.теңге) артығымен орындалды.

«Шикі мұнайға салынатын  экспорттық кеден бажы және  пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтардың  жылдық жоспары  109 млрд. теңгеге және  38 млрд.теңгеге асыра орындалды.Кірістердің өсу қарқыны 120%-тті құрап, былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бюджетке 873 млрд.теңге көп түсті. Олар негізінен салықтардың есебіне келеді.Салықтардың өсуіне біріншіден, экономиканың жекелеген салаларындағы (сауда - 107,2%, өндіріс –104,7%, көлік -104,5%, құрылыс -104,1%, байланыс –103,4% және ауыл шаруашылық -102,5%) тауарлар өндіру мен қызметттер көрсетудің көлемінің ұлғаюы әсерін тигізді», - деді министр.

Айта кетейік, есепті кезеңнің қортындылары бойынша  2018 жылы республикалық бюджет кірістері 103%-ке, шығыстар – 99,6%-ке орындалады деп күтілуде.

Аягөз Құрмаш




Яндекс.Метрика