Парламент

Сенат мемлекеттік шекара туралы заңды бірінші оқылымда қабылдады

Бүгін Парламент Сенаты Мәжілістің мақұлдауынан өткен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңды бірінші оқылымда қабылдады.
Астана қаласы20 Желтоксан , 00:00

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарушы Тұрғанбек Стамбеков баяндап өткендей, Заң жобасы Мемлекеттік шекара туралы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік органдардың өкілеттілігі мен функцияларының аражігін нақты ажыратуға бағытталған. 

Сонымен қатар заң жобасында мемлекеттік шекараның шекаралық қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын және қол сұғылмаушылығын қамтамасыз етуге тиісті орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің тапсырмалары, құқықтары мен міндеттері көзделген.

Сонымен қатар жоғарғы палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын екінші оқылымда қабылдады.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне әскерге шақырылушылардың іріктелуін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру үшін заң жобасы әскерге шақыру комиссияларының құрамына ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары басшылығының өкілдерін енгізу белгіленген. 

Заң жобасымен Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекстерге және 9 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

Сенат заң жобасын екінші оқылымда қарап, қабылдады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика