Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Өнерлі оқушылардың «Елбасына тілегі»

Астана қаласы Білім басқармасының №1 өнер мектебі оқушыларды Отанына, Елбасына деген сүйіспеншіліктерін нығайту ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ІІІ қалалық «Елбасына тілек» балалар шығармашылығы байқауын өткізді.
Астана қаласы01 Желтоксан , 09:10

Байқау ережесіне сәйкес жұмыстар әртүрлі техникада жасалған, яғни тоқыма материалдарынан, ағаш және металлдан өңделген көркемдік жұмыстар, мүсіндік, қолданбалы өнердің дәстүрлі емес түрлері, акварель бояуымен картиналар, бисерден жасалған, оригами техникасымен және коллаж жұмыстары.

Білім басқармасының №1 өнер мектебінің директоры Фархат  Сәбиевтің айтуынша қалалық оқушылар арасында өткізілген байқауға  320 жұмыс келіп түскен.

«Ұсынылған жұмыстардың ішінен әр номинация бойынша 32 жүлделі орын таңдап алынды. 10-13 жасқа дейін кіші топ, 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің жас ерекшелігіне қарай  жеңімпаздар анықталды», - деді ол.

Директордың айтуынша, байқауға қатысқандардың саны жыл санап артып келеді.

«Әділқазылар құрамында көркемөнер бірлестігінің жетекшісі, сурет  мұғалімдері болды. Олар жұмыстың сапалығы мен мазмұнына қарап іріктеп алған болатын. Елбасы күнінің тәрбиелік мәні де өте зор деп ойлаймыз. Себебі біз оқушыларға елін, жерін сүюге баулимыз. Ұлт көшбасшысының  еліне еткен еңбек ерені бізді  1991 жылдан бастап сүйемелдеп келеді.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен 5 қазандағы кезекті Жолдаудың  тәрбиелік мағынасы өте зор. Оқушылардың өзіндік дамуын қалыптастыру өте маңызды. Сондай шаралардың бірі бүгінгі байқау», - деді Ф.Сәбиев.

Өз кезегінде байқаудың  қолданбалы өнер  номинациясын жеңіп алған  Елана Әділ өз жұмысы арқылы қазақ халқының тарихын жеткізгісі келген.

«Өз жұмысымда қазақ халқының салт-дәстүрі мен тарихының бір бөлшегін бейнеледім. Мен қолданбалы өнерге машықтана бастағаныма  10 жыл болып қалды. Төрт жасымнан  бастап қызығушылық танытқам,  100-ге жуық  киіз бен мулинеден әзірленген туындыларым бар», - деді Е.Әділ.

Оқушының айтуынша, республикалық, қалалық   байқауларға  белсенді қатысып тұрады. Алайда, «Елбасына тілек»  байқауына алғаш рет қатысып, бас жүлдені қанжығалады.

Елдананың ұстазы оқушысы өз жұмысында   көшпенділерге деген  қазіргі жастардың көзқарасын бейнелеген.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика