Шағын және орта бизнесті дамыту

Қазақстанда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылады

ҚР кәсіпкерлерінің Ұлттық экономикалық палатасын құру туралы заң жобасы 2013 жылдың соңына дейін қабылданады, деп хабарлады бүгін «Атамекен» кеңесінің» басшысы Абылай Мырзахметов.
Казахстан18 Ақпан , 00:00

«Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы ағымдағы жылы құрылады... Ақпан айының соңына дейін заң жобасының концепциясы барлық органдардың қатысуымен өтетін ведомствоаралық комиссияның талқылауына ұсынылады деген ойдамыз. Ал, сәуір айының соңына дейін заң жобасы Мәжіліске бағытталады деп болжап отырмыз», - деді Абылай Мырзахметов.
Сонымен қатар, осындай институтты құрудың басты мақсаты еліміздің кәсіпкерлік секторын толығымен қамтып, оны ақпараттандыру екенін атап өтті. 
Оған қоса, кәсіпкерлерді бизнес үдерістерге барынша тарту және шоғырландыру қамтамасыз етіледі. 

Сонымен бірге, А.Мырзахметов Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру бизнесті қолдаудың сервистік жүйесін тиімді етуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті. 
 




Яндекс.Метрика