ҚР Президентінің Жолдауы

7-20-25: борышкерлер айына 100 мың теңгеден кем төлейді

7-20-25 бағдарлама арқылы ипотека алғандардың басым көпшілігі айына 100 мың теңгеден кем төлейтін болып шықты. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Нұр-Сұлтан24 Қазан , 10:57

Мамандар есебінше  қарыз  алушылардың 60%-ы ай сайын 100 мың теңгеден кем сома төлейді. Бұл ретте 7-20-25 бағдарламасы бойынша заем алушылардың 6%-ы ғана ең жоғары соманы несиеге алған (Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларында 20 млн. теңге, басқа аймақтарда 12 млн.). Заем алушылардың қалың көпшілігі, ал бұл жалпы портфельдің 37%-ы, 10-нан 15 миллион теңгеге дейінгі сомада кредит рәсімдеген.

«Бағдарлама өзінің әлеуметтік бағдарын толықтай растады. Алайда 7-20-25 ең алдымен мерзімділік, төлем қабілеттілік және қайтарым принциптеріне негізделген ипотека екендігін ұмытпауымыз керек. Ол банк алдында өзінің төлем қабілетін дәлелдеген, жұмыс істейтін қазақстандыққа қолжетімді», - деді «Баспана» Ипотекалық ұйымы басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

24 қазан күнгі жағдай бойынша, 7-20-25 бағдарламасы бойынша бір де бір қайтарылмаған қарыз жоқ. Қазақстандықтар  44,5 млрд. теңге сомасына өтініш берген. Банктер оның ішінен сомасы 30 млрд. теңге болатын 2513 өтінімді мақұлдаған.

Елбасы өз Жолдауында   қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту екенін айтқан болатын.

 

           




Яндекс.Метрика