Президенттің бес бастамасы

5 әлеуметтік бастама: Орындалған межелер

5 наурызда жарияланған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» қандай деңгейде жүзеге асырылып жатқанын бірқатар спикер баяндап берді. Мәселен, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев әлеуметтік бағытына қарамастан «7-20-25» бағдарламасы ипотека екенін айтты. 5 бастаманың қайсысы бойынша межелер уақытылы іске асырылып жатқанын келесі материалдан оқи аласыздар.
Нұр-Сұлтан16 Қазан , 12:46

5 бастаманың 1-шісі «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру». Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев «7-20-25» бағдарламасы биыл шілдеде іске қосылғанын айтты.  Бағдарлама  бойынша Қазақстан азаматтары жылдық 7%-дық мөлшерлемемен, 20% бастапқы жарнамен және 25 жыл мерзімге баспана сатып ала алады.

«Біріншіден, әрбір адам баспананы бағдарламада айқындалған өлшемшарттар бойынша таңдауға тиіс. Екіншіден, қатысушы банкке келіп, кредит алуға өтініш беру керек. Үшіншіден, ресми түрде расталған кірісі болуға және меншік құқығында баспанасы болмауға тиіс», - деді  Қазақстан Ұлттық  банкі басшысы.

Д. Ақышевтың айтуынша, қазіргі уақытта 7 банк өтінім қабылдауда, олар: Банк ЦентрКредит, АТФБанк, Цеснабанк, Банк RBK, Еуразиялық Банк, Халық банкі және ForteBank.

«Ағымдағы күні қарыз алуға 42 млрд теңге сомаға 3539 өтінім берілді, оның ішінде банктер 28 млрд теңге сомаға 2352 өтінімді мақұлдады. Мемлекет басшысының тапсырмасын жылдам бастап, іске асырудың маңызды екенін атап өтті. Қысқа мерзім ішінде қажетті инфрақұрылым құрылды, ақпараттық кампания кеңейтілді, банктермен және халықпен белсенді түрде жұмыс жүріп жатыр. Тиімділікті арттыру үшін қыркүйекте біз Бағдарламаға өзгерістер енгізілді», - деді ол.

Д.Ақышев айтып өткендей,  Шымкент қаласы және Астана мен Алматы қалаларының қала маңындағы аймақтары сатып алынатын баспананың ең жоғары құны 25 млн теңге мөлшеріндегі өңірлерге жатқызылды.

«Әкімдіктер және құрылыс инвесторлары іске асыратын жылжымайтын тұрғын үй объектілері есебінен бастапқы баспана ұғымы кеңейтілді. Баспана ұсынысын ынталандыру шаралары енгізілді. «Баспана» ипотекалық ұйымының жергілікті атқарушы органдардың теңгемен облигацияларын баспана салу үшін нарықтық мөлшерлемемен сатып алу тетігі көзделген», - деп хабарлады Д. Ақышев.

Оның айтуынша, бағдарлама азаматтарымыздың масылдығын құрмауға тиіс. Бағдарлама мөлшерлемесі төмен және кредиттеу мерзімі ұзақ, әлеуметтік бағыттағы бағдарлама болып табылады, бірақ ол ипотека болып қала береді.

«Бұл кредитті төлеу үшін ресми расталған кіріс болу керек дегенді білдіреді. Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы құны 10 млн теңге болатын пәтерді сатып алу үшін 2 млн теңге мөлшерінде бастапқы жарна қажет екенін түсіндірді. Ай сайынғы төлем 57 мың теңге болады. Тиісінше, банктің мақұлдауын алу үшін азаматтың ай сайынғы кірісі шамамен 120 мың теңге болуы керек. Себебі кредит бойынша борыш көлемі кірістің жартысынан аспауға тиіс деген ереже бар. Халықтың төлем жасауға қабілетті болуы бағдарламаны сәтті іске асыру факторларының бірі болып табылады және оны одан әрі ынталандыру үшін Үкімет пен Ұлттық Банктің бірлескен шаралары қажет», - деп сөзін қорытындылады Д.Ақышев.

Жалақысы төмен жұмысшылардың   еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту бастамасы бойынша Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жалақысы  25 айлық көрсеткішке дейінгі  жұмыскерлерге  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық жүктемесін  10 есе төмендету көзделгенін айтты.

«Жалпы,  бұл бағыт бойынша   5 іс-шараның  4-уі мерзімінде орындалды,  1 іс-шараның орындалуы  2018 жылдың желтоқсаны. Жауапты министрлік  - Қаржы министрлігі», - деді Т.Сүлейменов.

Өз кезегінде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үшінші бастама  студенттерді жатақханамен қамту туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, Елбасының тапсырмасын орындау үшін ағымдағы жылы қосымша 20 мың грант бөлінді. Осылайша, гранттар-дың жалпы саны 2 жылдың ішінде 39 мыңнан екі есеге өсіп 69 мыңға жетіп отыр. Оның ішінде биыл 20 мыңнан бөлінген гранттары. 

«Қазіргі уақытта олардың барлығы бөлінді. Грантқа ие болған балалар оқуға кірісті. Яғни, 51 мың студент – бакалавриатта, 13 мыңы – магистратурада, 2 мыңнан астамы PhD программалар бойынша білім алуда.Грантқа ие болғандар-дың жартысы, яғни 34 мыңнан астам студент техникалық мамандықтар бойынша білім алып жатыр. Олардың көпшілігі – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, киберқауіп-сіздік, радиотехника және электроника бағытында оқиды.5 мыңнан астам грант (2017 жылы – 3769) Серпін программасы бойынша ауыл жастары үшін қарастырылған», - деді Е.Сағадиев.

БҒМ басшысы айтып өткендей,  гранттардың 20%-ға жуығы мұғалімдерді, оның ішінде күшейтілген тіл-дік бағыттар бойынша, даярлауға арналған.

«Барлық  жоғарғы оқу орындарында техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша гранттар-дың құны ұлттық ВУЗ-дардың деңгейіне жетіп, 6 жүз 35 мың теңгені құрады. Сонымен, Президенттің гранттар санын көбейтуге және техникалық, ауыл шаруашылығы гранттарының деңгейін көтеруге қатысты тапсырмасы орындалды», - деді Е.Сағадиев.

Е.Сағадиев  гранттар санын көбейтумен қатар, жоғары білім алуға қол жеткізу үшін бірқатар шаралар қабылданып жатқанын айтты.

«Келесі жылдан бастап ҰБТ жыл ішінде, қаңтар айынан басталып, бірнеше рет өткізіледі. Мектеп түлектеріне шартты түрде (условное зачисление) қаңтардан бастап ақылы негізде оқуға түсуге мүмкіндік беріледі. Жоғары оқу орындарына шетел азаматтарын оқу жылы кезінде оқуға қабылдау мүмкіндігі қарастырылған. Шетел азаматтары үшін стипендиалды программаларды енгізу, оның ішінде қазақ диаспорасына қазақстандық вуздарда оқуға мүмкіндік беру. Магистратураға қабылдаудың жаңа моделі енгізілуде, оның негізі –  бакалавриатқа қабылдау моделіне ұқсас гранттар енді студенттерге беріледі және олардың жоғарғы оқу орындарын таңдау мүмкіндігі болады», - деді министр.

Министр  айтып өткендей,  Елбасының студенттерді жатақхана орындарымен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы да орындалуда.

«Ол үшін барлық қажетті нормативтік актілер қабылданды, қаржыландыру сұрақтары  шешілді. Кеше Министрліктің ақпарат коммуникациялық қызметінде журналисттерді жинап, ең алғашқы 7 жоғарғы оқу орындарымен және 2 жеке-меншік компанияларымен төрт мыңға жуық жататын орынға арналған шарттарға қол қойылды. Жатақхананы салу жұмыстары басталып кетті.Республика бюджетінің жобасында алдағы үш жылдық кезеңге мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін жалпы 15 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр. Жалпы он жылдың ішінде 153 млрд. теңге, 75 мың орынға көзделген», - деді ол.

Е.Сағадиев  осы қажет-тілік-ті шешу үшін барлық тиісті шаралар қабылданғанын жеткізді.

«Алдағы 5 жылда іске асатын барлық бірінші кезектегі жобалар жер учаскелерімен қамтамасыз етілді.Жалпы 166 жер учаскесі қарастырылған, олардың 115-і білім беру ұйымдарына берілген, 50 жер учаскесін акиматтар бөлді.24 жер учаскесінің жобалық-сметалық документі дайын. 47 учаскенің жобалық-сметалық документі  дайындалуда.Барлық жер учаскелері, жоғары оқу орындарының жататын орындары қажеттілігі бойынша интерактивті карта дайындалды және ашық ресурстарға орнатылды. Сонымен қатар жатақханалар құрылысын бақылайтын карта дайындалуда.Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде жүріп жатыр», - деді ол.

Еңбек және халықты  әлеуметтік  қорғау  министрі Мәдина  Әбілқасымова Мемлекет басшысының төртінші әлеуметтік бастамасы өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халық арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін микрокредит беруді кеңейтуге бағытталғанын жеткізді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша микрокредит беруді қаржыландыру 20 (жиырма) миллиард теңгеге, оның ішінде қалаларда – 6 миллиард, ауылдарда – 14 (он төрт) миллиард теңгеге ұлғайды. Қосымша бөлінген қаражатты ескере отырып, микрокредиттеудің жалпы сомасы  62 (алпыс екі) миллиард теңге, оның ішінде 45 (қырық бес) миллиард  ауылдық жерлерге (73%) және 17 (он жеті) миллиард қалалық жерлерге көзделген (27%).Биылғы   14 (он төрт) мың адамға микрокредит беріледі деп жоспарланып отыр», - деді М.Әбілқасымова.

Министр айтып өткендей,  микрокредит беру бағдарламасы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде іске асырылады.Төртінші әлеуметтік бастаманы тиімді іске асыру үшін Бағдарламаға өзгерістер енгізілді, олар ауылдар мен қалаларда микрокредит беру лимиттерін саралауды, якорлы кооперацияны дамытуды және микрокредит беру процедурасын жеңілдетуді көздейді.

Министрлік барлық уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, аталған бастаманы тиімді және уақтылы іске асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Өз кезегінде  АШМ бірінші вице-министрі  Арман Евниев шағын несие беру бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы  шаралар туралы айтып берді.

«Министрлік «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «ҚазАгро» еншілес компаниялары арқылы ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асыру үшін несиелер/микрокредиттер беру жұмыстары жүргізеді.Осы мақсаттар үшін 2018 жылы 44,7 млрд. теңге бюджеттік несие бөлінді, соның ішінде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» төрт бастамасы бойынша 13,9 млрд. теңге қосымша қаржы бөлінді», - деді ол.

Газбен қамтамасыз етуге қатысты  5- бастама туралы ҚР бірінші энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов баяндады. Ол Президенттің  5 әлеуметтік бастамасы бойынша «Сарыарқа» МГҚ  құрылысының жобасының жағдайын түсіндірді.

«Мемлекеттік сараптама «Сарыарқа» МГҚ салудың бірінші кезеңінің жобалық-сметалық жұмысына оң баға берді. Бірінші кезеңнің жалпы құны  267 млрд  258 млн теңгені құрайды. Алдын-ала деректер бойынша құрылыс кезеңінде  800 жұмыс орны ашылады», - деді ол.

Ал Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев 1-бастаманың қалай  орындалып жатқаны  бойынша Елбасының Жолдауы кезеңінде де хабардар болғанын айтты.

«Бірнеше облыстарда жұмыс қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Кей өңірлерде жұмыс қарқыны төмен. Ол түсінікте де. Сұраныс көбейген сайын, үй құрылысы да қарқынды жүреді деп ойлаймын. Коммерциялық  құрылыс ұйымдары  сұраныс болмаған соң, үй де соқпайды.  Қазіргі таңда осы жұмысты ұйымдастыру әкімшіліктердің тарпынан болуы керек.  Барлық құрылыс компанияларын жинап, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қажетті банктермен жұмыс істеп, қаржыларын бергізу қажет. Бұл тапсырма бойынша қарыз көзі шешілген. Ешнәрседен қорықпай, ипотекаға арналған үйлерді соғуға мүмкіндік бар», - деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ, Б.Сағынтаев екінші бастама бойынша сұрақ жоқ екенін, барлығы уақытылы орындалып жатқанын жеткізді.

«Үшінші бастама бойынша 10 жыл мерзімді күтпей, қаражат көзін қарастырып, жатақханаларды салуды қарқындылату керек. Осыған орай кейбір өңірлермен жұмыс істеу керек. Олар да жұмысты белсенділетулері керек. Әзірше, мұндай жұмыс көріп отырғаным жоқ», - деді ол.

Ал, төртінші бастама бойынша Б.Сағынтаев Үкіметке де, әкімдіктер мен «Атамекенге» де сын екенін айтты.

«Тапсырма бар. Әлі игерілмей жатыр. Қысқамерзім ішінде барлық айтылған проблемалар шешілуі тиіс. Проблема болса, созбай жылдам шешіп тастау керек», - деді Б.Сағынтаев.

Премьер-Министр 5-ші бастама үлкен құрылыс екенін атап өтті. Алайда, ол да уақытылы басталып, еш проблемасыз межеленген мерзімде аяқталуы керек екенін айтты.

Б.Сағынтаев «Президенттің  5 әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуы апта сайын бақылауға салыну керектігін жеткізді. Қарашаның басында жария түрде бұл мәселе тағы да  қаралатын болады.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика