ҚР Президентінің Жолдауы

Жолдауда айтылған әрбір тапсырма қазақстандықтардың бақытты өмір сүруіне бағытталған – сарапшы

Жолдауда айтылған әрбір тапсырма қазақстандықтардың бақытты өмір сүруіне бағытталған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауына қатысты өз пікірінде Қарағанды облысы бойынша ҚХА төрағасының орынбасары Бекзат Алтынбеков осылай деді.
Нұр-Сұлтан15 Қазан , 14:53

Қарағанды облысы бойынша ҚХА төрағасының орынбасары Бекзат Алтынбеков Президенттің Жолдауы – тарихи құжат екенін алға тартты.

 «Елбасы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына әрдайым көңіл бөліп, оны жақсарту бағытын ұсынып отыратыны көңіл қуантады. Жалпы, осы Жолдауда айтылған әрбір мәселе, тапсырма қазақстандықтардың бақытты өмір сүруіне бағытталған. Балабақша мәселесі көтерілді. Қазіргі уақытта Қазақстанда мектеп жасына дейінгі баланың 95 пайызы балабақшамен қамтылған. Балабақша тәрбиешісінің жалақысы – 49 мың теңге. Жалақы көлемін көтеру – педагогтарды ынталандырады. Ұлт болашағы – ұрпақты тәрбиелеуде еңбек етіп жүрген педагогтардың қадірін арттыру өте маңызды», - деді Б.Алтынбеков.

Сондай-ақ, ол  Елбасы кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру туралы айтқанын жеткізді.

«Оларға барлық саланы қамти отырып, ғимараттарды салуға, оның сапасына көңіл бөлуге жауапкершілікпен қарағаны жөн. Өйткені сапасыз салынған құрылыс екі есе шығын әкеледі. Егер кәсіпкерлер салған әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлердің сапасы қатаң қадағаланса, жауапкершілік те артады», - деді ол.

Аягөз Құрмаш

 




Яндекс.Метрика