ҚР Президентінің Жолдауы

Жолдаудағы барлық бастамалар адами капиталды жақсартуды көздейді – сарапшы

Жолдаудағы барлық бастамалар адами капиталды жақсартуға бағытталған. Бұл пікірді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына қатысты «Нұр Отан» партиясы стратегиялық зерттеулер бөлімінің басшысы Қанат Оспанов білдірді.
Нұр-Сұлтан10 Қазан , 16:01

Қанат Оспанов  айтып өткендей, Елбасы Жолдауы соңғы  жылдары жүзеге асырылып келе жатқан  Президенттің стратегиялық бағытының айқын куәлігі болды.

«Жолдауда мемлекеттің әлеуметтік даму бағыты мен нақты ұсыныстар айтылды. Бұл ең төменгі жалақының  1,5 есеге өсуі. Оның әсері өте үлкен болады деп ойлаймын. 1,3 млн адамның табысы өседі. Ел экономикасына бұл көрсеткіш өте маңызды деп есептеймін.

Сондай-ақ, ол медицина мен ұстаздардың мәртебесіне қатысты маңызды мәселелер айтылғанын атап өтті.

«Жолдаудағы барлық бастамалар адами капиталды жақсартуға бағытталған. Елбасының қаңтардағы Жолдауында да экономика мен шынайы секторға Ұлттық банктың  ұзақмерзімді субсидия беруі қажеттігі туралы айтылған  болатын. Осы жолғы Жолдауында да осы бастамаға қатысты  нақты тапсырма берді. Бұл бастамалар Қазақстанның экономикасына оң әсер беретініне сенімдімін», - деді ол.

Сарапшы айтып өткендей, қазір жаһанда экономикалық тұрақсыздық белең алып отыр. Ал Елбасы Жолдауында айтылған бастамалар күрделі кезеңде экономикаға серпін береді.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика