Адами капитал

Қажеттілігі жоғары жандардың әлеуметтік жағдайы қалай өзгереді

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және оларды әлеуметтік қорғау мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының бірден бір маңызды бағыты болып табылады.Айта кетейік, Қазақстан 2015 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Осылайша мүгедектігі бар адамдардың экономикалық, азаматтық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын басқа адамдармен қатар толық іске асыру бойынша халықаралық стандарттарды енгізу міндеттемелерін қабылдады.
Нұр-Сұлтан09 Қазан , 11:59

Қазіргі кезде Қазақстанда 674,2 (алты жүз жетпіс төрт) мың мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде 62% (417,7 төрт жүз он жеті мыңнан астам) адам – еңбекке қабілетті жаста, 25,4%  (171,3 жүз жетпіс бір мыңнан астам) адам -  зейнеткерлік жаста, 12,6% (85,1 сексен бес мыңнан астамы) – 18 жасқа дейінгі балалар.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова айтып өткендей,    мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді және оңалтудың техникалық құралдарын ұсынуды қамтиды.

«Биылғы  1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс шамасының өзгеруіне байланысты мүгедектерге берілетін жәрдемақы 16 %-ға (он алты пайызға) дейін арттырылды.Биыл  1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны  – 508,7 (бес жүз сегіз мың жеті жүз) адамды, жәрдемақы – 40 769 (қырық мың жеті жүз алпыс тоғыз) теңгені құрайды», - деді М.Әбілқасымова.

Министр атап өткендей,  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәмелет жасқа толған бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім көрсетіп отырған адамдарға 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа жәрдемақы енгізілді.  Бүгінгі күні жәрдемақы 10 мың отбасыға тағайындалды, оның мөлшері 29 699 (жиырма тоғыз мың алты жүз тоқсан тоғыз) теңгені құрайды.

«881 (сегіз жүз сексен бір) ұйым 100 мыңға жуық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынды. Сонымен қатар 8,8 (сегіз) мыңнан астам адамға 130 (жүз отыз) үкіметтік емес ұйым арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.Жалпы 2018 жылы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыруға және оларға көмек көрсетуге 302,8 (үш жүз екі) миллиард теңге көзделді (2017 жылмен салыстырғанда 121% (жүз жырма бір пайызға) өскен).2012 жылдан бастап Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылып келеді», - деді министр.

Сондай-ақ,  іс-шаралар жоспарын іске асыруды қаржыландыру көлемі 2014 жылдан бастап 7,6 (жеті де алты) есеге өсіп, 2017 жылы 5,4 (бес) миллиард теңгені құрады. 2018 жылға 6,0 миллиард теңге көзделген.

Өз кезегінде Инвестициялар және даму министрі  Жеңіс Қасымбек  мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Министрлік мына бағыттар бойынша жағдай жасап жатқанын айтты.

«Теміржол саласында жолаушыларға қызмет көрсетудің Ұлттық стандарттары және Жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау қағидалары қолданыста бар. Олардың аясында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тиісті жағдайлар жасалуда.Атап айтқанда, теміржолдың түрлі бағыттары бойынша 22 бағдардың құрамында жүріп-тұруы шектеулі адамдарға арналған 33 бірлік арнайы купе вагондары бар«Тұлпар-Тальго» пойыздарында арнайы орындарға арналған 70% көлемінде жеңілдіктер белгіленген. Көлік қолжетімділігі деңгейін арттыру үшін жыл сайын арнайы жолаушылар вагондары сатып алынады», - деді Ж.Қасымбек.

Министр айтып өткендей,  қазіргі уақытта автокөлік кәсіпорындарының 98%-ыжеке меншік.

Министрлік автомобиль көлігі саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру шараларын қабылдауда.

Атап айтқанда, заңнамалық деңгейде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қолжетімділік пен қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған автовокзалдар мен автостанцияларға қойылатын міндетті талаптар көзделген.                        

«Бұл ретте, бүгінгі күні елде 36 автовокзал және 110 автостанция жұмыс істейді. Олардың 78%-ы Ұлттық стандартқа сәйкес келеді.Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңда жалпы пайдаланымдағы көлікті мүгедек жолаушылардың отырып-түсуіне арналған құрылғылармен жабдықтау  туралы талабы белгіленген Автобустар жаңарған сайын қоғамдық көліктежүріп тұруы шектеулі тұлғаларға қолайлы болады.    Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға көліктік қызметтерді көрсету үшін республиканың 20 қаласында арнайы такси қызметі жұмыс істейді. Барлық арнайы такси қызметтерінің автопаркінде183 машина бар», - деді Ж.Қасымбек.

Министр атап өткендей,  бүгінгі күні қазақстандық әуе компаниялар мүмкіндігі шектеулі жандарға жайлы және келергісіз қызметтер ұсынады(агенттер мен экипаждардың арнайы қызметтері.

Ж.Қасымбек, министрліктің ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың  тапсырмасын  орындау мақсатында жеке пайдалануға арналған зембіл мен мүгедек арба-кресло ретінде тегін тасымалдауға жататын әуе көлігінде жолаушыларды, жүктерді тасымалдау Ережесіне өзгерістер енгізгенін айтты.

«Мүгедектерге жайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету үшін жолаушылар терминалын жобалау және құрылысын жүргізу барысында жеңіл әрі оңай өту үшін пандустар мен өзге де конструкциялар қарастырылған. Мысалы, Алматы әуежайында перронға және автомобильді қою аймағына өту жолдарында 7 пандус бар, ал астана әуежайындағы 2 терминалда 11 пандус орнатылған.Бүгінгі таңда әуежайда жүріп-тұруы шектеулі топтарға жататын жолаушыларға қызмет көрсетуді уәкілетті агент жүзеге асырады. Мысалы, Астана қаласының әуежайында жолаушылар тасымалы қызметінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсетуді арнайы дайындалған агенттер атқарады», - деді ол.

Сонымен бірге, өтініштердің жиі түсуіне байланысты, ұшу кезінде мүгедектермен ілесіп жүруші адамның міндетті түрде болуы туралы талаптың күші жойылды. 

Сондай-ақ, Министрлік ұшу кезінде жауапкершілік туралы декларацияға қол қою жөніндегі әуе компаниялардың талаптарын алып тасталды.

«Жобалау, жобаға сараптама жүргізу, сол объектінің құрылысын салу және оны пайдалануға қабылдауда халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі барлық талаптар заңнамалық деңгейде ескерілген.Осы нормативтер халық жүретін орындарды жобалау мен құрылысын салуда,  тұрақ орындарына, жаяу жүргінші жолдарына, пандустар мен баспалдақтарды, лифттерді және басқа да қажетті құрылғылдарды орнатуда арнайы талаптарды қарастырады», - деді ол.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 2018 жылғы республика бойынша тұрғын үйге мұқтаж 1 және 2 топ мүгедектерінің саны 38 814, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар саны 18 639.

«2018 жылдың бірінші жартыжылдығында аталған санаттағы коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алған азаматтар саны 258 адам», - деді ол.

 

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика