ҚР Президентінің Жолдауы

Ж.Ахметбеков: әлеуметтік реформалардың басы осы Жолдаудан басталуы керек

Елбасының осы Жолдауындағы әлеуметтік салаға басымдық берілуінің басты себебі – қоғамда әсіресе, әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуында бір қатар кедергілер бар, дейді Мәжіліс депутаты, Қазақстан коммунистері партиясының мүшесі Жамбыл Ахметбеков. Білім мен денсаулық салаларында бірқатар реформалар жүргізіліп жатыр, бірақ, ондағы қызметкерлердің өздерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары сын көтермейді. Сол сияқты, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметті этикасы, біліктілігі көп жағдайда полицияның жағымсыз тұлғасын қалыптастырады деген пікірде.
Нұр-Сұлтан08 Қазан , 11:50

- Жамбыл Аужанұлы, Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы жарияланды. Осы жолғы Жолдаудың ерекшелігі сол – біздің сыртқы және ішкі саясатымыз екінші шепке ойысып, бірінші шепке әлеуметтік мәселе шығып отыр, тіпті, елдегі ірі экономикалық процесстер емес, кәдімгі қарапайым, елдің ішінде әлеуметтік мәселелер алдыңғы шепке шығып отыр. Неге жалпы Жолдаудың мазмұны осылай болды?

- Менің де байқағаным Жолдаудың мазмұнының әлеуметтік мәселелерге ойысқаны. Бұл өте құптарлық мәселе. Өйткені, елімізде қазір  экономикалық реформалар жүріп жатыр. Білім саласында, денсаулық саласында, сот саласында, құқық қорғау саласында, құрылыс мәселелері де, рухани жаңғырудың өзі де осы реформаны талап етіп отыр. Осы реформаларды жүргізу кезінде халықтың жұмыла кірісуіне кішкене кедергілердің болуы. Яғни, халықтың әл-ауқатын әлі де болса жақсартып, оңтайлы шешіп отыратын болса, сонда осы реформаларға жұмыла кіріседі деп ойлаймын. Яғни, мемлекет пен қоғамның арасында әлі де болса алшақтық бар. Міне, осының арасын жақындадатын, оның арасында дәнекер болатындай, мемлекеттік қызметтің мәселелері алға қойылды. Мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі, олардың ойы, істеген ісі - оны қалай жүзеге асыруында. Енді Елбасы осы Жолдауында көрсеткен әлеуметтік мәселелерді жүзеге асыруға алдымыздағы 5 жылда ІЖӨ-нің 10% бөлінетінін айтты. Бұл дегеніңіз егер қазіргімен салыстыратын болсақ, ал қазіргі кезде әлеуметтік салаға ІЖӨ 6% жұмсалып отыр, оған тағы 4% қосылғатын болса, бұл үлкен көмек.

- Осы Жолдауда басқа салалар да қамтылды әрине, бірақ, қатты басымдық мынау денсаулық саласы мен білім саласына көбірек ойысқан сиқты. Өйткені, Мемлекет басшысы сатылап тұрып айтқанда, балабақшадан ЖОО дейінгі процестердің бәрін тізіп тұрып айтып берді. Және мұғалімдерге де, мынау мерекелерінің қарсаңызда, үлкен бір сыйлық жасады деуге болатын сияқты...

- Біз алға қойып отырған «Қазақстан-2050» Стратегиясы және ондағы ең дамыған 30 елдердің қатарына қосылу туралы мақсат-міндетіміз осы әл-ауқаттың жақсаруынан басталады. Қазіргі өскелең ұрпақтың білімділігі, қазіргі заманға сай бейімділігі және оның тәрбиесі басты мәселе. Бұның бәрі сол балабақшадан бастап алғашқы білім беру, орта білім сосын ЖОО. Міне, осылай сатылап келгенде біз жаңа буынды дайындап, рухани жаңғыра аламыз. Яғни, басқаруды сеніп тапсыратын кадрлар енді шығады. Міне, осы тұрғыдан келгенде Елбасы өте күрделі мәселені алға қойды. Өмір бір орнында тұрмайды. Тез өзгеріп жатыр. Ол да өзінің білімін жаңғыртып отыруы керек. Жаңаша ой қалыптастыруы үшін оқушыларға жаңаша бағдарлама ұсыну керек. Сайлаушылардың тізімін жасаса, жөндеу жұмысына да араласса, ата-аналардың үйін араласа ол қай уақытта өзінің білімін жоғарылатады? Қай уақытта өзін-өзі дамытумен айналысады? Міне, осы тұрғыдан алғанда мұғалімдердің мәртебесінің төмендеп кеткенін байқаған Елбасы, «Мұғалімдердің мәртебесін көтеру туралы» Заң қабылдау керек дегені өте құптарлық мәселе.

- Жалпы өзі білім саласында сыналып жатқан нәрселер өте көп. Қоғам тарапынан да, депутаттар тарапынан да сын көп. Осы сыналған дүниелер, Елбасының нақты тапсырмаларынан кейін бір түзу жолға түсіп, нәтиже шығаруы мүмкін бе?

- Менің ойымша нәтиже жүзеге асырылмайды, егер мына министрліктерде отырған қызметкерлер, жергілікті жағдайларды білмесе, көз алдына елестетпесе. Өзі өмір бойы қалада оқып, қалада өсіп, осы қалада осы министрлікте жұмыс істегеннен кейін, ол ауылдық жердегі жағдайды білмейді. Мұрына иісі де бармайды. Сондықтан да, жергілікті жерлерге, бұрынғы тәжірибе бойынша барып, көріп, ол жерлерге мектеп қажет пе, жоқ па? Қазір қажет болатын болса, 10 жылдан кейін қалай болады? Тіпті, ауыл болмайтын да шығар. Переспективасы жоқ. Перспективасы болмаса оны неге тұрғызады? Міне осы жерде күрделі мәселелер жатыр. Сондықтан да мектеп салған кезде, жергілікті билік өкілдерімен ақылдаса отырып шешу керек. Олардың ой пікірін білдіру керек. Жаңағы айтып отыр ғой, 1 мектеп бір жерде 1 млрд 200 млн тұрады, сол типті мектеп екінші ауылда 600 млн тұрады. Неге?  

-  Елбасының тағы бір айтқаны, бұл сыннан көз ашпай жүрген полиция, ішкі істер органдарына қатысты... «Полиция халыққа емес, өзіне жұмыс істейді» деді Президент. Осындай үлкен сындар үлкен мінберден айтылған кезде қандай шаралар қолданылуы керек? Сол ішкі істер саласының өзінде қандай реформалар жүруі керек? Не істеу керек? Бұл үлкен бір сигнал ғой...

- Әрине, халықтың ішінде де осы сөз кең тараған. Осындай үлкен сын айтылды. Полиция қызметкері елдің құқығын табанға таптаттырмайтын қызметкер емес, ол тек аңду я болмаса, айыппұл салаудың бір адамы сияқты, әзірейіл сияқты боп тұрады ғой. Енді сол пікірді өзгерту үшін, полициейлерді қайта даярлау керек. Оларды аттестациядан қайыра өткізу керек. Яғни, халықпен шын көңілмен жұмыс істей алмайтындар, адамдармен адам болып сөйлесе алмайтындар көп. Олар орындарын босатып, қызметке заңгерлерді алу керек. Ал бізде қалай, әскерден келсе, форма кисе болды. Қолына қаруын ұстатып, полиция қылып қояды. Ал ол ұр да жық! Адаммен адам сияқты сөйлесе алмайды, «аузынан сөзі, қойнына бөзі түсіп» тұрған адамды кім сыйлайды? Ол қайтып өзін сыйлатады? Тіпті ол Заңдар түгіл өзінің құқықтары мен міндеттерін де айқын білмейді. Сондықтан ішкі істер органдарын қайта реформалау керек, қызметкерлерді қайта атестаттау керек. Мысалы, Грузияда 2 күннің ішінде бүкіл полицияны таратып жіберді да, ылғи заңгерлерді алды. Елдегі ішкі істер саласы мүлдем байқа жаққа қарай өзгеріп сала берді. Міне, реформа деген. Бізге оны түгелдей көшіріп алу керек те емес шығар, юірақ, осындай бір тиімді өзгеріс керек. Жүргізілетін реформалардың басы міне осы Жолдаудан басталады. Айтылған істердің бәрі біздің халқымыздың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартуға негізделген.

- Сұхбат бергеніңізге көп рахмет!

- Сіздерге де рахмет!

Сұхбаттасқан Дәулетхан Жиенқұлов




Яндекс.Метрика