ҚР Президентінің Жолдауы

Елбасы Жолдауында басты міндеттер айқындалды – Сенат депутаттары

Елбасы Нұрұслтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа кезекті Жолдауын жариялаған болатын. Парламент Сенатының депутаттары Жолдауда ел дамуының басты міндеттері айқындалғанын жеткізді.
Нұр-Сұлтан08 Қазан , 09:36

Парламент Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауындағы басты мәселелердің бірі – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту  екенін айтты.

«Негізінен, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселесіне Елбасы ерекше тоқталып өтті. Орта және шығын кәсіпкерлікке салықтық жеңілдіктер жасау, қаржылық қолдау аясында теңгемен несиелер беру мәселелері кәсіпкерлердің көңілінен шығып отырғаны анық. Одан кейін ең төменгі еңбекақыны 28 мыңнан 42 мыңға дейін көтеру, бұл да тұрмысы төмен отбасыларын қолдаудың бір парасы болып табылады», - деді ол.

Депутаттың пікірінше, Жолдаудағы басты мәселелердің бірі – ауыл шаруашылығы өнімдерін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласын одан әрі дамыту.

«Содан кейін, экспортқа шығарылатын тауарлардың түрін көбейту, еліміздегі тауар өндірушілерді де, олардың өнімдерін де қолдау мәселелері туралы да айтылды. Бұл экономиканы жан-жақты дамытуға, еліміздің бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкіндіктерін ұлғайта түседі», - деді ол.

Өз кезегінде  Сенат депутаты Әли Бектаев Президенттің  ең басты қағидасы – халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне оң әсер ететін экономиканың түрлі салаларын дамыту екенін жеткізді.

«Биылғы Жолдауда экономиканың негізгі бағыттарын дамытуға басымдық бере отырып, соның ішінде ауыл шаруашылығының түрлі салаларына назар аударылды. Сондай-ақ әлеуметтік салаларды дамытуға, білім беруге, денсаулық сақтауға, спортқа және халықты әлеуметтік қорғауға қатысты мәселелер қамтылды», - деді ол.

Сондай-ақ, депутат   төмен айлық алатын орта буын мамандардың айлығын көтеру туралы тапсырмалар көпшіліктің көңілінен шығып отыр.

«Ұстаздардың мәртебесіне, олардың балаларға берген біліміне, тәрбиесіне бәріміздің болашағымыз тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздардың мәртебесі туралы арнайы заң қабылдау туралы тапсырмасы болашақта ұстаздарға қатысты көптеген мәселелерді шешеді деп ойлаймын», - деді ол.

Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов айтып өткендей, 

Елбасының биылғы Жолдауы да елдің экономикалық дамуына және Қазақстан халқының тұрмысы мен әл-ауқтының артуына байланысты келелі мәселелерді қамтып отыр.

«Айтылған мәселелердің бәрі аса маңызды. Соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, әсіресе, ауыл кәсіпкерлігін дамыту мәселелері көңілге қуаныш ұялатады. Себебі, халқымыздың 40 пайызынан астамы ауылдық жерде тұрады десек, соның ішінде ел экономикасының үлкен бір саласы – балық шаруашылығы. Қазіргі кезде балық өнімдерін өңдеу шаруашылықтарын дамыту керек. Себебі, балық өнімдері экспортқа шығарылады, оған шет елдерде сұнраныс жоғары.Президенттің бүгінгі Жолдауында айтылған бастамалардың қаржымен негізделуі ауылдық жердегі шағын кәсіпорындарды, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге үлкен серпін береді деген ойдамын», - деді ол.

Депутат  Жолдаудағы  тағы бір үлкен мәселе – ішкі туризмді дамыту екенін айтты.

«Елімізде оның мүмкіндіктері зор болғанымен, біз оның әлеуетін, өкінішке орай, әлі толық пайдалана алмай отырмыз. Шетелдіктер еліміздің әр аймағындағы сұлу табиғатта демалғысы келеді. Мысалы, тек Атырау облысындағы Құрманғазы ауданының шекарасындағы Еділ өзенінің Каспийге құяр сағасына  Еуропадан, Германиядан, Франциядан, Голландиядан аңшылар келеді. Бүкіл Ресейдің балықшылары келеді. Неге осыны одан әрі дамытпасқа? Бұл қосымша жұмыс орны, мемлекетке қосымша кіріс болар еді», - деді депутат.

Сондай-ақ, С.Еңсегеновтың пікірінше,  тағы бір үлкен мәселе – бұл әлеуметтік сала.

«Жолдауда Елбасы мемлекеттің, үкіметтің жұмысы негізгі үш бағытта жүруі керек, әлеуметтік сала, инфрақұрылым, қауіпсіздік мәселесі деді. Сондықтан, келесі жылдан бастап, төменгі еңбекақы мөлшерінің 20 пайызға өсуі халықтың күтіп жүрген мәселесі. 1,5 миллионға жуық адамның еңбекақысы келесі жылдан бастап өссе, оның үш жүз мыңға жуығы мемлекеттік қызметшілер. Әсіресе, кәсіби өтілі аз, жаңадан қызметін бастаған мамандар үшін бұл өте үлкен қолдау болады деп ойлаймын», - деді депутат.

 


 




Яндекс.Метрика