ҚР Президентінің Жолдауы

Елбасы Жолдауының бастамалары ең басты салаларды дамытуға бағытталған – сарапшылар

Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауына қатысты мамандар өз пікірлерін білдірген болатын. Олардың айтуынша Елбасы Жолдауының бастамалары ең басты салаларды дамытуға бағытталған.
Нұр-Сұлтан07 Қазан , 10:01

«Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Әсима Бимендина Елбасы Жолдауындағы игі бастамалар туралы айтып берді.

«Мен көп жылдар ұстаздық салада жұмыс істеп жатырмын. Сондықтан бүгінгі Елбасының білім саласына ЖІӨ 10 пайызына дейін қаражат бөлуі – бұрын болмаған жағдай. Тағы бір айта кетерлігі, педагогтың статусы туралы заң қабылдау. Бұл да ұстаздардың бұрыннан күтіп жүрген жағдай. Тағы бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеру, мектепке білім беру саласының сапасын арттыратын ерекше бағдарлама әзірлеу... бұлардың барлығы білім саласына маңызды. Білім саласына көңіл бөлген мемлекет – өз болашағын ойлайтын мемлекет», - деді Ә. Бимендина.

Сондай-ақ, Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының  директоры  Андрей Агеенко Елбасы ауыл шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлетінін жеткізді.

«Елбасы тарапынан жыл сайын ауыл шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлінеді. Жолдауда айтылған барлық бастамалар бізге үлкен серпін жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Аграрлық ғылым саласының алдында нақты тапсырмалар пайда болады. Елбасы тапсырмасы бойынша биылғы жылы алғашқы қадамдар жасалған болатын», - деді   Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының  директоры  Андрей Агеенко.

Аягөз Құрмаш

 




Яндекс.Метрика