ҚР Президентінің Жолдауы

Елбасының бастамаларын толық қолдаймыз – сарапшылар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына қатысты елдегі қоғам қайраткерлері мен мәдениет өкілдері өз пікірлерін айтқан болатын. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Нұр-Сұлтан06 Қазан , 09:50

Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының ғылыми қызметкері Маханова Жұпар Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында халық алдындағы нақты тапсырмаларды нақтылап беретінін жеткізді.

«Елбасымыз жылда халыққа Жолдау арнайды. Әр Жолдауда еліміздің алдағы жоспарын нақтылап айтып береді. Биылғы Жолдауда менің назар аударғаным білім және денсаулық саласына ЖІӨ-нің 10 пайызы бөлінеді деді. Қазіргі уақытта бізде 5-6 пайыз ғана бөлінеді. Ал АҚШ-та 17-18 пайызға дейін тек қана медицина саласына бөлінеді. Яғни, біздің осы дәрежеге келе жатқанымыз маңызды. Мемлекет басшысы онкологиялық орталық салу туралы тапсырма берді. Осы айтқанымен толық келісемін. Себебі қазір онкологиялық аурудың түрі өршіп тұр», - деді дәрігер.

Ол айтып өткендей,  осыдан бірнеше жыл бұрын туберкулез өршіп тұрған болатын. Кейін ол кісі осыны қолға алуды тапсырды.

«Қазір де ол ауру азайды. Содан кейін, соңғы 10 жыл ішінде ана өлімі 3 есе, бала өлімі 2,5 есе азайған. Бұл – енді дәрігерлердің жетістігі», - деді дәрігер.

Өз кезегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев жарияланған Жолдауда  халықтың дамуына сүбелі үлес қосатынына сенімді екенін жеткізді.

«Мәдениет саласының өкілі болғаннан кейін осы сектор бойынша айтылған мәселелер қызықты болды. Ұстаздардың және қарапайым халықтың жалақысын көтеріп жатыр. Түлектер білім ордасын тәмамдаған соң оларды жұмысқа орналастыру бізге жүктеледі. Оны қазірден бастап қарау керек. Экономикалық тұрғыдан да көптеген дүниелер айтылды», - деді А.Жүдебаев.

Ректор атап өткендей, мәдениет өкілдері Елбасы жүктеген барлық тапсырмаларды орындауға дайын.

 Аягөз Құрмаш




Яндекс.Метрика