ҚР Президентінің Жолдауы

Елбасының Жолдауы қоғамда қордаланған мәселелердің тамырын дөп басты - А.Маемиров

Елбасының Жолдауы қоғамда қордаланған мәселелердің тамырын дөп басты . Бұл пікірді М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Асхат Маемиров Елбасының кезекті Жолдауына қатысты айтты.
Нұр-Сұлтан05 Қазан , 13:34

«Осы жылғы Елбасының Жолдауы қоғамда қордаланған мәселелердің тамырын дөп басты. Елдің әл-ауқатын,  тұрмыстық жағдайды жақсарту бойынша бірқтар түйіткілді мәселені қаузады. Қалай тамырын басып отырып қалай шешу керектігінің механизмдерін көрсетті. Соның ішінде бізге ұнағаны «Нұрлы жер» бағдарламасы мен «Жол картасының»   2025 жылға дейін жалғасатындығы болып отыр», - деді А.Маемиров.

Сондай-ақ,  ол әлеуметтік сала мен бизнес саласына негізгі концентрация жасауы ұнады. Бұл дегініміз еліміздегі  әлеуметтік салалардың бір ізге түсіп, дамуына бір үлкен  серпіліс беретіні сөзсіз екенін жеткізді.

«Екінші мәселе  2019 жылды Елбасы  жастар жылы деп атады. Соның ішінде «Ауыл-алтын бесік»  бағдарламасының қабылдануының барлығы қала мен ауыл арасындағы  қатынастың  кәсіби жолға қойылатыны. Ең бірінші кезекте кәсіби мамандардың біліктілігін арттыру  және олардың кәсіби деңгейіне сай ең  жоғары жалақы алуы. Бұл да бір  қоғамда халықтың үлкен қолдауына ие болатыны сөзсіз. Мектептер мен университеттердің  білім сапасын жақсарту, басшылардың  кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін Әуезов театрында арнайы курстар ашу.  Дастарды қолдау бойынша  мәдениет саласында білім жетілдіруга қатысты форумдар мен семинарлар жүйелі түрде бағдарлама жасауды қажет етеді. Өз тарапымыздан біз елбасымыз алдымызға қойған  тұрмысты жақсарту. Әсіресе, жас мамандардың  жағдайын жақсартуды кәсіби тұрғыда жалғастырамыз», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 

 




Яндекс.Метрика