Басқару

Елбасының бастамалары жаһандануға алып баратын айқын жол – сарапшылар пікірі

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялауда. Елбасы Жолдауда айтқан бастамалары туралы сарапшылар өз пікірлерін білдірді.
Нұр-Сұлтан05 Қазан , 12:11

«Елбасы бүгінгі Жолдауында қаншалықты болашаққа мән беру керектігін  айтып отыр. Бүгінгі айтылып жатқан ұстаздың заңды түрде статусынының өзгерілетіні үлкен серпіліс береді.  Қазақстандық мұғалімдерге ұстаздар мерекесіне тұспа-тұс келіп жатқан бұл өзгеріс  үлкен қуаныш әкелді деп ойлаймын. Елбасымыз  ұлт болашағы балалар екенін айтып жатыр,  біздің болашағымыз жақсы болу үшін  спорт саласына да үлкен мән береліп жатыр. Білім саласы қаржыландырудың бастамасын алып жатыр. Сол себепті  қаншама жақсылық бүгін қстаздар тарапына айтылды. Мен ұстаз ретінде, ана ретінде де білемін. Елбасының бастамалары жаһандануға алып баратын айқын жол. Ұстаз статусының өзгеруі мұғалімдер жұмысы серпіліс береді», - деді Астана қалалық мәслихатының депутаты Зәуре Жүсіпова.

Өз кезегінде  ҚР Кәсіподақтары федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Сайыров  Мемлекет басшысы экономикалық даму жөніндегі өзінің тезисінде халық тұтынатын тауарларды өндіру жөнінде атап өткенін жеткізді.

«Қандай экономика болмасын, мысалы экономика ахуалы Қытай, АҚШ, Еуропа елдерінің барлығы өздерінің экономикасын дамытуды халық тұтынатын тауарларды өндіруден бастаған. Менің ойымша, осы негізгі бағыттардың барлығы еліміздегі ішкі жалпы өнімді өсіруге, сонымен қатар кіші және орта бизнесті дамытуға ықпалын тигізері анық. Бүгінгі таңда ел экономикасының тірегі – кіші және орта бизнес бола алады. Қазірдің өзінде Қазақстан экономикасындағы кіші және орта бизнестің деңгейі 25 пайыз, егер осы деңгейді 45-50 пайызға жеткізсек, онда біздің экономикамыз дүниежүзіндегі әлеуетті экономиканың қатарына қосылуы сөзсіз», - деді Сайыров.

Ол айтып өткендей,  педагог - бұл тек қана оқытушы емес, ең бірінші – жаңа тұрпаттағы азаматтық тәрбиеші.

«Сондықтан бүгінгі таңда осы оқытушының, ұстаздың миссиясын, оның әлеуметтік статусын белгілі бір жоғары деңгейге көтеру өте маңызды. Менің ойымша бүкіл қоғамда әлеуметтік оптимизм тудырары анық», - деді Е.Сайыров.

 

Аягөз Құрмаш 

 




Яндекс.Метрика