Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

Астанадағы көтерме-коммуналдық базарының құрылысы үшін инвестор таба алмауда

«Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бас қаладағы көтерме-коммуналдық базарының құрылысы үшін серіктес таба алмауда. Бұл жөнінде «Астана» ӘКК ҰК» АҚ-ның төрағасы Мұхиден Әбілдинов мәлімдеді.
Астана қаласы20 Желтоксан , 00:00

«Қазіргі уақытта аталған жобаны жүзеге асыру үшін инвестор іздеудеміз. Жобаның маңызы зор. Себебі, барлық санитарлық талаптар сақталған, тауарды сақтаудың инфрақұрылымы қолайлы сауда алаңы қалаға аса қажет», – деді М.Әбілдинов. 

«Бүгінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін қаланың сауда алаңына қол жеткізе алмау айқын проблема болып отыр. Біз қазір «Astana» ӘКК» АҚ-ға базар құрылысына арналған жер учаскесін және жобалық-сметалық құжаттаманы беру бойынша келіссөздер жүргізудеміз», – деді «Астана» ӘКК басшысы. 

Жоба құны шамамен 5,3 млрд теңгені құрайды.  




Яндекс.Метрика