ҚР Президентінің Жолдауы

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы басталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялауда.
Нұр-Сұлтан05 Қазан , 11:02

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: кіріс пен өмір сүру сапасының артуы»  Жолдауы  еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналады. Елбасы  2019 жылға арналған Жолдауды бүгін жариялап отырғанын жеткізді.

«Біз тәуелсіздік жылдарында сіздермен бірге көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік, бұл - үлкен байлығымыз. Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Қазақстанның халықаралық беделінің артуына оның өңірлегі геосаяси рөлін жоғарылату үшін елеулі жетістіктерге қол жеткіздік», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Елбасы шикізатты өңдеу саласына басымдық беру керектігін жеткізді.

«Экономикалық саясаттың басты бағыты - экспортқа шығу», - деді Елбасы.

Елбасы Үкіметке 2019 жылдың  1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақысын  1,5 есеге арттыруды тапсырды.

«Ең төменгі жалақының көлемін арттыру  -  Қазақстанның 275 мың азаматтық қызметкерінің   орташа есеппен  35 пайызға артады», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ең төменгі жалақының мөлшерін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. Бұл арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен 1,3 миллион қазақстандықтың кірісі өседі.

Айта кетейік, 2018 жылғы 10 қаңтарда  ҚР  Президенті Н. Назарбаевтың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  Жолдауы жарияланған болатын.




Яндекс.Метрика