Адами капитал

А.Оралов: елімізде 300 мыңдай NEET-жастар бар

Жуырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздықпен күрестің тағы бір тың жолын ұсынған болатын. Онда жұмыссыздарды, дәлірек айтқанда ресми жұмысы жоқ, бірақ, өзін- өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеудің жаңа нұсқасы. Министр М.Әбілқасымованың айтуынша, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға бұдан былай «Тәуелсіз жұмысшы» деген статус беріп, оларды ресми тіркеуге алу керек. Сөйтіп, олардың әрқайсысынан ай сайын, қаладағылардан – 1 а.е.к, яғни 2405 теңгеден, ауыл тұрғындарынан 0,5 а.е.к., яғни 1202 теңгеден бірыңғай жиынтық төлем алғанды жөн көріп отыр. Бұл бірінші кезекте сол тұрғындардың өзі үшін қажет екен. Осы төленген төлем 4 түрлі алымға бөлінбек. Зейнетақы қорына, табыс салығына, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға... Енді ҚР Қоғамдық даму министрлігі де осыған ұқсас ұсыныс айтып отыр. Олардың Үкіметтің отырысында жариялаған жобаларына сүйенсек, жастардың бірқатары NEET-жастар екен. Яғни, өздері айтпақшы, «Оқуға, жұмыс істеуге және өз өзінің білімін жетілдіруге құлықсыз, ниетсіз жастар». Осы мәселені кеңірек айтып беру үшін ҚР Қоғамдық даму министрлігі, отбасы және жастар комитеті төрағасының м.а. Асхат Ораловпен сұхбаттасқан едік...
Нұр-Сұлтан01 Қазан , 15:51

– Асхат Раздықұлы, жақында өткен Үкімет отырысында сіздердің министрлік жаңа бір құжаттың тұсауын кесті. Ол жоба NEET-жастар деп аталады. Жаңадан бір қоғамның категориясын шығарып отырсыздар. NEET-жастар деген кімдер? Бұлар оқуға, жұмыс істеуге, қандай да бір тіршілік істеуге қыры жоқ, ниетсіз жастар ма? Солай айтуға бола ма? 

– Жалпы NEET-жастар дегеніміз – ол жаңадан келген категория емес, ол жалпы халықаралық абревиатура. Ол «не сабақ оқымайды, не жұмыс істемейді, не тренингтерге қатыспайды» деген жастардың категориясы. Жалпы статистикаға сүйенетін болсақ, осы жылдың екінші тоқсанында бізде 300 мыңнан астам осы NEET категориясына кіретін жастар бар екен. Ол дегеніміз – 300 мыңнан астам адам ешқайда нақты тіркелмеген деген сөз. Жалпы, бізде жастарға арналған біраз бағдарламалар бар ғой. Өздеріңіз білетіндей, «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел», «Серпін», «Дипломмен ауылға», «Жұмыспен қамту – 2020»  деген сияқты көптеген бағдарламалар бар.

– Осы сіздер ұсынып отырған жобаның міндетін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, тағы басқа да бірқатар министрліктер мен жергілікті әкімдіктер өз алдына атқарып жатыр. Мысалы, жаңағы айтқан «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы, «Дипломмен ауылға» дегендей... Мемлекеттік және салалық бағдарламалар баршылық. Енді оны жеке жоба ретінде ұсынғаннан гөрі, жаңағы бар бағдарламаларға толықтырулар енгізсе де болар еді ғой... Жалпы, бұл мәселені өз алдына жеке құжат етіп шығарудың қажеттігі бар ма?

– Бұл жерде тағы бір мәселе бар. Осы  NEET категориядағы жастар деп отырмыз ғой, қазір, біздегі жұмыссыз жүрген жастардың көбісі өзін осы категорияға жатқызбайды. Бұны мойындамайды. Біз жұмыс істеп жүрміз деп есептейді, олар өздерін. Кәсібіміз бар дейді, ақша табады, білімдері бар мысалы.

– Яғни, біздің мемлекет үшін экономикалық тиімсіз топ қой?

-Бір жағынан солай, экономикалық тиімсіз топтар. Екіншіден, олардың ауылдарда мал шаруашылығымен айналсысатын қожалықтары бар.

- Жоқ, егер олар ауыл шаруашылығында белгілі бір кәсіппен айналысып жатқан болса, мейлі тегі мал бағып жүрсін, онда бұлар NEET-жастарға кірмейді ғой. Олар белгілі бір табысы бар, өзіне де, мемлекетке де кіріс кіргізіп отырған жастар емес пе?

Мысалы, ауылда бір шаруашылық бар дейік. Оның 1 қожайыны бар. Бірақ, онда 10 адам жұмыс істейді, олардың ешқайсысы тіркелмеген. Яғни, ондай жастардың зейнетақы қорына көк тиын да түспейді, ертең міндетті әлеуметті медициналық сақтандыру іске кіріседі, олардың сақтандыруы да жоқ. Ал қалай олар ертең дәрігерге қаралады? Сондықтан, осындай жастарға мемлекеттік бағдарламалардың дұрыс әсері тисін де, жаңағы NEET категориясына кіргізіп отырмыз. Осы бағдарламаның арқасында ауылда жүрген жастар, белгілі бір жолдамамен қалаларға келіп арнайы, текхникалық білім ала алады. Содан кейін, қайтадан өз ауылан барып жұмыс істейді. Оның сыртында, мемлекеттік гранттар бар жоғарғы оқу орындарына түсуге. Биыл Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «5 әлеуметтік бастама» көтеріп, онда жастарға қосымша тағы да 20 мың грант бөлінетінін айтты..

-Сіздер осы жобаны жасар кезде арнайы зерттеу жұмыстарын жүргіздік дедіңіз ғой, 300 мыңдай NEET-жастар анықталды дедіңіз. Енді бұлар бәлки, оқуға құлықсыз емес, ниеті де жоқ емес, бірақ, оқуға қабілет жоқ шығар. Сіз айтып отырсыз 20 мың қосымша грант бөлініп отыр деп, ол грантқа қол жеткізу үшін де белгілі бір дейгейде білім деңгейі болуы керек қой...

- Әрине.

 - Олай болса, сіз айтып отырған 20 мың гранттың жаңағы сіз айтып отырған 300 мыңға жуық NEET-жастарға ешқандай қатысы жоқ боп қалады ғой...

Сапалы білім алу, бұл өзекті мәселе. Кейбір жастар бар, олардың ниеті бар да, бірақ, оқуға мүмкіншілігі жоқ. Жетім балалар бар дегендей.

 - Дәл осы сіз айтып отырған жұмыссыз жастарды тіркеу бойынша, жастарды ғана емес, жалпы елдегі жұмыссыздар, оның ішіне әрине, жұмыссыз жастарды да тіркеу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  жаңа бір жоба ұсынды. Яғни, өзін өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу арқылы, оларға «Тәуелсіз жұмысшы» деген статус бермек. Сөйтіп, олардың экономикалық тиімділігін арттырмақ. Айтайын дегенім, осы сіздердің бастамаларыңыз сол жобаның баламасы емес пе, бірін бірі қайталап қалмай ма

Жоқ. Біздің жол картамыз бірінші қадам деп есептейміз. Ол қазіргі күні 30 тармақтан тұрады. Жалпы бүкіл министрліктің ақпаратын біз алдық, зерттедік. Сондықтан бұл жобаны тек біз ғана жүзеге асырмаймыз, 11 министрлік, 17 атқарушы орган бірлесіп атқарады. 

 - Сіздердің жобаларыңызды қарап шықтым. Ішінде 10 пункттен тұратын индикатор-мақсаттар бар екен. Солардың бірнешеуін қарап шықтым, олар кәдімгі жастар арасындлағы кәсіпкерлікті қолдау, дуальды білім беруді дамыту, техникалық білім алуды қамтамасыз ету, ауылдарда, жергілікті жерлерде жастарға ақыл айтатын консультативтік орталықтар құру...Бұлардың әр қайсысы жаңағы біз айтып отырған мемлекеттік және салалық бағдарламаларда тұр, қарастырылған. Яғни, бұл соны қайтадан айтып шығу ма, көшірмесі емес пе?


-Жоқ, қайталау емес. Неге десеңіздер, бізде «Жастар тәжірибесі» деген бағдарлама бар. Айталық, оған жылына 20 мың адам қамтылады. Біз енді осы 300 мың адамды зерттеп, қосымша осы бағдарламаға 5 мың грант бөлу керек шығар, осы бағдарламаны күшейту керек шығар, деп отырмыз. Егер осындай бағдарлама жасасақ, зерттеу ондай нәтиже көрсетсе, біз келесі жылы Үкіметке ұсыныс жасаймыз. Осы бағдарламаны күшейту, өсіру деген сияқты. Қосымша 20 мың адамды уақытша жұмыспен қамту мәселесі шешіледі деген сөз. Бұл жобаның мақсаты – жаңа бағдарлама шығару емес, осы  NEET-жастардың жағдайын қарап, зерттеп, оларды қолға алу.

- Осы жобаны жүзеге асыруға мемлекет бюджетінен қанша қаражат қажет болады?

-Осы жылдың аяғына дейін, 2018 жылдың аяғына дейін, мемлекеттік бюджеттен 1 тиын да қарастырылмаған.

-Ол жобаға, қазіргі, бірақ, енді келесі жылы жүзеге асыруға ше?

-Ол жүзеге асыру бойынша қазір бізде енді, сарапшылармен бірлесіп, сол бүкіл жұмыстарды ұйымдастыру керек қой. Қандай категорияда, қанша жастар бар. Мысалы мүмкіндігі шектеулі жастар, ниеттері бар, білім ала алмайды деген сөз. Кейбір жастар, кәсіпкерлікке ынтасы бар, бірақ білімі жоқ деген сөз... Қанша қаржы шығатыны осы жылдың соңына дейін белгілі болады. Неге десеңіз, қазір оны айтатын болсақ, анық болмай қалады. Сосын, мәселе ақшада емес қой, кейбір адамдар шынын айтқанда, білімдері бар, бірақ ынтасы жоқ. Адамның ынтасын ояту үшін ешқандай ақша да керек емес.

-Жақсы, сұхбат бергеніңізге рахмет!

-Сізге де рахмет!

Сұхбаттасқан Д.Жиенқұлов




Яндекс.Метрика