Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі

2019 жылы медициналық ЖОО-ға түсу кезінде іріктеудің жаңа жүйесі енгізіледі

2019 жылы медициналық ЖОО-ға түсу кезінде іріктеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру шеңберінде медициналық кадрларды даярлаудың сапасын арттыру мәселелері жөніндегі ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
Астана қаласы28 Қыркүйек , 14:39

Елжан Біртановтың айтуынша,  қазіргі кезде жоғары білімі бар денсаулық сақтау кадрларын даярлауды 5 мемлекеттік медициналық ЖОО, 3 мемлекеттік емес ЖОО және көпбейінді университеттердің құрамындағы 6 факультет жүзеге асырады.

 «2018-2019 оқу жылында ҚР медициналық ЖОО-ға қабылдау 6380 адамды құрады, олардың ішінде республикалық бюджет шеңберінде – 2661 адам, жергілікті бюджет Медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында 2016 жылдан бастап медициналық және фармацевтикалық білім беру және адами ресурстарды басқару жүйесін жаңғырту бойынша жобаны іске асыру басталды. Осы жобаның шеңберінде «Назарбаев университеті» АҚ моделі үлгісінде әлемдік 500 үздіктер қатарына кіретін шетелдік университеттер тартылды – бұл АҚШ, Швецияның, Италияның, Түркияның, Литва мен Польшаның медициналық мектептері» - деді ол.

Бұдан басқа, Министр стратегиялық әріптестікті іске асыру шеңберінде медициналық ЖОО Швециядан, Франциядан, Польшадан, Чехиядан, Италиядан, Индиядан, Түркиядан басқарушы позицияларға және кафедра профессорлары ретінде 9 шетелдік маманның тартылғанын атап өтті.

Медициналық білім беруді жаңғырту шеңберінде Министрлік медициналық ЖОО-ға іріктеу үшін қосымша емтиханды заңды түрде енгізді, 2018 жылдан бастап студенттердің білімдерін аралық тәуелсіз бағалау, ЖОО бітірушілерін, колледждер  енгізілді, 5 ҒЗМ мен ҰО Асфендияров атындағы Қаз ҰМУ-мен интеграциялау және АҚ-ға және КЕАҚ-ға қайта ұйымдастыру жүргізілуде, 2018 жылдың аяғына дейін барлық ЖОО КЕАҚ-ға қайта ұйымдастырылатын болады, 2017 жылы бірінші рет медициналық ЖОО 4293 ПОҚ құзыретін бағалау жүргізілді

«Білім беру технологиясын трансферттеу орталығы құрылды, онда 2017 жылы медициналық ЖОО 300 ПОҚ білім алды,  2018 жылдың бірінші жартыжылдығында – 166 адам, 2018 жылы медициналық ЖОО 170 студенті арасында бірінші рет «Медицинаның халықаралық негізі -InternationalFoundationsofMedicine (IFOM)» халықаралық емтиханы жүргізілді, ол ҚР-да медицина кадрларын даярлаудың білім беру бағдарламаларының халықаралық білім беру стандарттарына сәйкестігін бағалауға мүмкіндік береді» - деп баяндады министр.  

Сондай-ақ, Елжан Біртанов медициналық кадрлардағы тапшылықты азайту мақсатында мемлекеттік ұйымдарда міндетті үш жылдық жұмыспен өтеу енгізілгенін айтты.

«ЖАО-ға жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жауапкершілігі бекітілді (2016ж. – 647 адам (42,2 %) және 2017ж. - 949 адам (56 %), интернатураны бітірушілер (педиатрия, акушер-гинекология) АПО деңгейінде клиникалық практикаға және резентурадан өтпей және өте тапшы мамандықтар (неврология, кәсіби патология, фтизиатрия, медициналық реабилитология, клиникалық фармакология, анестезиология және реаниматология, клиникалық зертханалық диагностика) бойынша қайта даярлаудан кейін ауылдық денсаулық сақтауға жіберіледі, ЖАО медициналық мамандықтар бойынша білім беру гранттарын бөледі (2017 жылы 213 студент пен 75 резидентті, 2018 жылы – 548 студент пен 253  резидентті қабылдады, 2019 жылдан бастап кадрларды есепке алудың жаңа жүйесі енгізіледі – профрегистр, бұл 2020 жылға медициналық кадрлардың тапшылығын 2015 жылмен салыстырғанда 1,9 мыңға немесе 46, 5% төмендетуге мүмкіндік береді» - деп атап өтті.

Сөзінің соңында Министр Қазақстанда орта буындағы кадрларды даярлау 75 медициналық білім беру ұйымында жүзеге асырылады деп жалғастырды.

Биыл  Фин моделі бойынша мейіргер ісінің қолданбалы бакалавриатын бітіруші бірінші 311 маман кәсіби қызметіне кірісті, 17 медициналық колледж Жоғары колледж мәртебесіне ие болды, Фин моделі бойынша «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы және академиялық бакалавриат білім беру бағдарламасы әзірленді,  мейіргер ісі бойынша екі дипломдық Қазақ-фин магистратурасы енгізілді.

Былтыр  1 қыркүйектен бастап Қаз ҮБМУ-да 20 магистрантты оқыту басталды, ұлттық тренерлер (2015 жылы фин сарапшылары оқытқан) каскадтық әдіспен ҚР алты өңірінде 345 ментор оқытылды және даярланды, жаңа білім беру бағдарламасы бойынша колледждердің ПОҚ пулы – 245 адам дайындалды.

«Ағымдағы жылы 31 пилоттық медициналық ұйым базасында – Қазақстанның    7 өңірінде жоғары медициналық колледждердің клиникалық базаларында денсаулық сақтау ұйымдарында мейіргер қызметінің жаңа моделін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды (көпбейінді ересектер мен балалар стационарлары, емханалар, перинаталдық орталықтар). Осы пилоттық жобаның шеңберінде мейіргер қызметінің жаңа моделін енгізудің принциптері мен әдіснамалық негіздері әзірленетін болады: ұйымдардың ұйымдастырушылық құрылымы және штат кестесіне қойылатын талаптар, қолданбалы бакалаврлар және жалпы практикадағы медициналық мейіргерлер функционалы қайта қаралатын болады, жаңа мейіргер қызметтері мен басқаларды тарификациялау механизмі әзірленетін болады» - деп түйіндеді министр.

 

Аягөз Құрмаш




Яндекс.Метрика