Шолу

Болашақтың мамандығы: Жастарға кеңес

Алдағы 10 жылда не болады? Соңғы кездері футурологтар көптеген ескі мамандықтар – бухгалтерлер, операция жасайтындар, тіпті заңгерлер жоғалады деп үрей туғызады. Мамандардың айтуынша, әрбір адам болашақтың өзгерістеріне бейімделе білуі қажет. Еліміздің танымал кәсіби мамандары болашақтың мамандығы қандай болатынына жауап іздеп көрді. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Астана қаласы26 Қыркүйек , 18:15

Жаһандану кезеңінде тұрақты ештеңе жоқ. Күн сайын жаңа технология ойлап табылып жатқан заманда кейбір мамандықтар  ескіріп бара жатыр. Танымал экономист Рахым Ошақбаев қазіргі жаһандық технолгиялар заманында еңбек өнімділігі қарқынды өсіп келе жатқанын айтты.

«Қазір азық-түлік өндіруге бұрындары сияқты көп адам қажет емес. Оның айырмашылығы жаһандық еңбек бөлінісіндегі өзгерістер болатынын көрсетеді. Демографиялық трендтерді ескере отырсақ, әлем бойынша адамдарды мазалайтын алғашқы сұрақтардың бірі – жұмыс. Оларға өмір сүру үшін қайда және кім  болып  жұмыс істейтіндері маңызды», - деді Р.Ошақбаев.

Оның айтуынша, тұрақты жұмыс орындары артпайды,  олар қысқарған жағдайда  жұмыстың жаңа түрі пайда болады.

«Осы технологиялық өзгерістер  жұмыспен қамту құрылымын өзгеріске ұшыратады. Бүкіл әлемде  қызмет көрсету саласындағы жұмыс артып, өндірістегі жұмыс азаюда. Ауыл шаруашылығындағы жұмыс түрі құлдырап барады», - деді Р.Ошақбаев.

Сондай-ақ, Р.Ошақбаев атап өткендей, бұл маңызды  ақпараттық  жаһандану болып саналады.

«Мен  мұны  көлденең әлем деп атар едім. Ақпарат көзі бірден пайда болады. Бір уақытта әлемнің барлық адамдарына қолжетімді. Бұл кез келген ақпараттық технологиялардың лезде дамуына, адамдардың қарым-қатынасына үлкен әсер етеді. Көптеген салаларда ақпараттық жаһандану болып жатқанын сеземіз», - деді Р.Ошақбаев.

Сонымен қатар, Р.Ошақбаев белгісіз болашақ жағдайында жастарға не істеу қажеттігі бойынша  кеңес те берді.

«Қандай мамандық қалып, қандайы жойылып кететіні туралы көптеген пікірталастар жүргізіледі. Мен бұл тақырыпты бүге-шүгесіне дейін зерттеп жатырмын. Өзім үшін  бірнеше шешім де қабылдадым. Болашақта қандай мамандықтар сұранысқа ие болатынын ешкім білмейді. Ешкім сеніммен айта алмайды», - деді Р.Ошақбаев.

Осыдан сайып келе экономист кез келген адам барынша бейімделгіш болу қажеттігін айтты.

«Сіздер нетворкингке қосылуларыңыз керек.  Негізгі трендттерден қалмай, болашақта өзгерістер болып қалатын жағдайда оларға бейімделе алатындай күйде болу қажет», - деді Р.Ошақбаев.

Сондай-ақ, ол әлемде білімнің артықшылығы проблемасы бар екенін айтты.

«Бұрын білім тапшы болса, қазір оның артықшылығы сезіледі. Бұрын ол үшін ақша төлеп, университеттерге баратын болса, қазір барлығы қолжетімді», - деп түйіндеді Р.Ошақбаев.

Өз кезегінде «НұрМедиа» холдингінің  және «Astana TV» телеарнасының бас директоры Ләззат танысбай жастарға дәстүрлі журналистиканы үйренбей, телеарнаға тәжірибеге келуді ұсынды.

«Қазақстанда адамдардың  54 пайызы күнде теледидар қосады. Ал  халықтың  90 пайызы  айына бір рет болсын көк жәшікті көреді екен. Телевизияның өлгені туралы қауесет асыра сілтегендік. Бұл туралы сеніммен айтып тұрған себебім, биыл телеарнадағы жарнама табысы  12 пайызды құрады. Кез келген телеарнаны дамыту, техника  алу барлығы жарнамалық табысқа қатысты. Жарнамалық табыс болса, телевизия да өмір сүреді деген сөз. Мен қазір жеке меншік  телеарналарды айтып отырмын. Елде  жарнаманың  64 пайызы телеарнаға барады», - деді Л.Танысбай.

Л.Танысбайдың айтуынша, телевизияның  орнын   интернет баса алмайды,  ол әлі ұзақ жылдар бойы өмір сүреді.

Аягөз Құрмаш  

 

 




Яндекс.Метрика