Адами капитал

Алматы декларациясының 40 жылдығы Астанада аталып өтеді

Астанада 25-26 қазанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі жаһандық конференциясы өтеді. Конференция 1978 жылғы қыркүйекте қабылданған алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі ДДСҰ/ЮНИСЕФ тарихи Алматы декларациясының 40 жылдығына орайластырылады. Шараны өткізу бүкіл әлемде АМСК одан әрі дамытуға серпін береді және заманауи жаһандық денсаулық сақтау жүйесінде Қазақстанның жаңа рөлін қалыптастыруға ықпал етеді.
Астана қаласы19 Қыркүйек , 14:45

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтып өткендей, өткен жылы аталмыш бастаманы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған болатын. Қазір конференцияға дайындықтың соңғы кезеңі жүзеге асырылуда.

«Бүгінде конференцияның деңгейі жаһандық дәрежеге ие. Конференцияға  әлемнің  120 елі шақырылды,  80 мемлекет қатысатынын  растады. Конференцияның басты мақсаты- Алматы Декларацияның  40 жылдығын атап өту  және осы уақыт аралығында жаһандық дәрежеде елдер арасында қол жеткізілген көрсеткіштерді атау», - деді Е. Біртанов.

Конференцияның бірінші күні саяси көшбасшылардың денсаулықты медициналық-санитариялық алғашқы көмек арқылы сақтауға адалдығын атап өту үшін конференцияға шақырылған Мемлекет басшыларымен кездесу өткізілетін болады.

«Бұл жай ғана конференция емес. Бұл жерде конференциядан кейін көптеген жылдар бойы бүкіл әлемде тұрақты негізде күшті, әділ медициналық-санитариялық алғашқы көмектің адалдығын қамтамасыз ететіні және ешкімді медицинадағы бірінші буын - медициналық көмек арқылы назардан тыс қалдырмауды қамтамасыз ететіні туралы сөз қозғалып отыр» - деп түсіндірді Елжан Біртанов.

ДСҰ бас директорының көмекшісі  Наоко Ямамото аталмыш шараның маңыздылығына тоқтады.

«40 жыл бұрын жаһандық көшбасшылар Алматы декларациясын МСАК бойынша қабылдады. Бұл алғашқы медициналық көмекке арналған әлем бойынша қабылданған алғашқы Декларация болатын. Декларация маңызды ұстаным негізінде қабылданды. Аталмыш Декларация гүлдену мен дамудың, қауіпсіздіктің   басты негізі  ол денсаулық екенін мойындады», - деді Н.Ямамото.

Оның айтуынша, осы уақыт ішінде  МСАК бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Бірақ, әлі де шешілмеген бірқатар сұрақтар бар. ДСҰ әлемдегі ынтымақтастықты дамыту мен негізгі медициналық  қызметті ұсыну бойынша әмбебап тәсілдерді ұсынады.

«Жыл сайын 100 млн адам  денсаулық сақтауға қаржы жұмсап  кедейленеді. Бұл мәселені де шешу қажет. Денсаулық сақтаудың сапасын арттыру қажет. Е.Біртанов айтқандай,  амбулаторлық орталықтарды да халыққа ұсынуымыз керек.  Әрине, бұл мақсатта жоғары саяси байланыс керек, ол тек денсаулық сақтау министрі ғана емес, Үкімет пен Президент дәрежесінде алғашқы медициналық көмектің жаһандық мәселесі талқылануы керек.  Осы бағыт бойынша Қазақстанның қызметіне жоғары баға бере аламын», - деді ол.

Сондай-ақ, Н.Ямомото Қазақстандағы медицина қызметінің сапасы туралы айтып өтті.

«Медицина қызметінің сапасы барлық елге қатысты маңызды сұрақ. Мен дәрігермін.  Медициналық қызметті    толық сапалы  ету  мүмкін емес те шығар.  Медицинаны антропосцентрлік  қыла аламыз ба деген сұраққа көшу керек. Адамдар өзінің денсаулығы мен денсаулық сақтау саясатына араласуы керек. Халық пен тұтынушылармен серіктестікте  жұмыс істеу керек. Қазақстан Үкіметі ең алдымен жастарды алға тартып отыр, бұл дегініміз Қазақстан болашақтың қамын ойлап отыр», - деді ол.

ЮНИСЕФ-тің жаһандық бағдарламалар бойынша атқарушы директорының орынбасары  Тед Чайбан МСАК аясындағы жұмыс бала өлімінің төмендеуін қамтамасыз еткенін айтты.

«1978 жылғы бала өлімінің саны  50 млн-нан астам  болған. Бұл көрсеткіш қазір әлдеқайда өзгерді. МСАК тек педиатрия мен бала мен ана өліміне ғана қатысты емес, дұрыс тамақтану мен диета, санитарлық қамтамасыз ету мәселелеріне назар аудару керек. Қазір инфекциялық аурулардың түрлері пайда болып жатыр және осы уақыт ішінде біздің өмір сүру салтымыз өзгерді. АМСК бойынша бар мәселелерді шешу осы қызмет түрінен басталады», - деді ол.

Айта  кетейік,  БДҰ-ның қамқорлығымен Алматыға жиналған, әлемнің 134 елінің өкілдері, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті дамтыудың басымдығын айқындайтын декларацияны қабылдады және оны денсаулық сақтаудың бүкіл әлемдік жүйесінің тарауына қойып отыр.Алдағы конференция денсаулықты сақтаудың бастапқы буынының халықтың денсаулығын қолдаудағы маңыздылығы мен мәнін тағыда атап өтпек. Оған шамамен 1200 қатысушы келеді деп күтілуде, олардың ішінде 800-ін шетелдік қонақтар құрайтын болады.

Аягөз Құрмаш

 

 




Яндекс.Метрика