Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Қазақстанда 2012 жылы жоғары мамандандырылған медициналық көмек қызметтерінің көлемі 60%-ға артты

Қазақстанда 2012 жылы жоғары мамандандырылған медициналық көмек қызметтерінің көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 60%-ға артты, деп хабарлады бүгін ҚР Парламенті мәжілісінің үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова.
Казахстан18 Ақпан , 00:00

«Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін тұрақты енгізу елорда тұрғындарымен қатар өңірлерге қолжетімді болатын жоғары технологияларды дамытуға баса назар аударуға себеп болды. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек қызметтерінің көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 60%-ға артқан, қызметтердің жартысынан көбі, яғни 56%-ы өңірлік деңгейде көрсетілген»,- деді С.Қайырбекова.

Сонымен қатар, шетелден технологияларды трансферттеу үшін шетелдік мамандарды шақырту арқылы 73 үйрету мастер-класы өткізілгенін атап өтті. 

Онымен қоса, 2013 жылға дейін алдыңғы қатардағы технологияларды дамыту аясында өңірлерде 28 инсульт орталығы енгізіледі. 

Және де, менеджмент орталығы негізінде мамандарды оқытуды ұйымдастыру үшін 3 мыңнан астам денсаулық сақтау менеджері оқудан өтті. 2012 жылы стационарлық көмек көрсететін 12 мың маман оқып шықты.




Яндекс.Метрика