Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

Полицейлерді қару қолданардан бұрын ескерту жасап, бағынуға уақыт беруге міндеттейді – Қ.Қасымов

«ҚР ішкі істер органдары туралы» жаңа заңға сәйкес полицей қару қолданардан бұрын ескерту жасауға, сонымен қатар бағынуға уақыт беруге міндетті.
Казахстан06 Тамыз , 00:00

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді.

Құқық қорғау қызметі туралы заң қару қолданудың негіздерін, шарттары мен тәртібін анықтайды.

«Жоғарыда аталған заң тек қызметкердің қаруды қолдану құқығын қамтиды. Қару қолдананатыны туралы ескерту міндеттемесі қарастырылмаған», - деп атап өтті министр.

Ведомство басшысы атап өткендей, ұсынылып отырған нормалар заң бойынша қаруды қолданудың қазіргі негіздерін күшейтпейді, қайта халықаралық талаптарға сәйкес қызметкерлерге қару қолданардан бұрын ескерту жасау міндетін жүктемек.

«Күш және қару қолданудың негізгі қағидаларына сәйкес құқық қорғау органдарының қызметкері нақты ескерту жасап, бағынуға уақыт беруге міндетті», - деді Қ.Қасымов. - Бұл талап лауазымды тұлға мен өзге де тұлғалардың өміріне қауіп төндіретін болса сақталмайды».




Яндекс.Метрика