Басқару

Елбасы Анкарада бірқатар кездесулер өткізді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға жұмыс сапары аясында Анкарада бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы13 Қыркүйек , 15:19

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Коч Холдинг» компаниясы басқармасының төрағасы Али Йылдырым Кочпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

«Коч Холдинг» компаниясы басқармасының төрағасы қорғаныс өнеркәсібіндегі және экономиканың басқа да өндіріс салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытты.  

Елбасы «Йылдырым групп» компаниясы басқармасының төрағасы Роберт Юксел Йылдырыммен кездесті.

Келіссөз барысында Қазақстан Президенті мен түрік кәсіпкері хром өндіру және химия өндірісі салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.  

Мемлекет басшысы бүгінде Ақтөбе облысында түрік компаниясы жұмыс істеп жатқанын айтып, инвесторлардың екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған жоспарларын қолдайтынын білдірді.  

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті «Ояк Холдинг» компаниясының бас атқарушы директоры Сүлеймен Эрдеммен кездесті.

Кездесу барысында тараптар экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

«Ояк Холдинг» компаниясының бас атқарушы директоры компанияның жұмысы жөнінде кеңінен әңгімелеп, Қазақстанда бизнесін дамытуға мүдделілік танытты. 

 

 




Яндекс.Метрика