Шолу

7-20-25: Баспанаға қалай қол жеткізуге болады

2018 жылғы 11 қыркүйектегі жағдайға сәйкес «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғындардан 27 млрд. теңгеге өтінімдер қабылданды. Олардың ішінде банктермен 18 млрд теңгеге жуық соманы беру мақұлданды. Тамызда мақұлданған несиелердің саны шілде айының көрсеткішінен екі есеге асты. Қатысушылар саны да қарқынды өсуде. Толығырақ келесі материалда.
Астана қаласы11 Қыркүйек , 14:57

7-20-25-ке қатысушылар саны бойынша Алматы, Астана қалалары, сонымен қатар Маңғыстау облысы көш бастап келеді. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында несие беру қарқыны өсуде.

Бастапқы тұрғын үй бойынша ұсыныстарды ұлғайту мақсатында «Баспана» ипотекалық ұйымы 7-20-25 бойынша тұрғын үй құрылысы үшін  жергілікті атқарушы органдарға 150 млрд. теңге бөлу мүмкіндігін қарастыруда.

«Баспана» Ипотекалық Ұйымы» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Алтынбековтың айтуынша, ЖАО – мен  бірге жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлері үшін 7-20-25 шеңберінде бастапқы жарнаны қысқарту бойынша жұмыс басталды.

«Баспанамен «Жас арман» және «Қамқор баспана» өнімдері әзірленді. ЖАО–мен жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға бастапқы жарнаны қысқарту үшін субсидия берілетін болады деп болжануда. Сонымен қатар, тізімдерді жасау, өнімге қатысу үшін азаматтарды іріктеуді әкімдіктер өздері жүргізеді. Қазіргі уақытта  Баспана Шымкент қаласы әкімдігімен бірге алғашқы  жобаны іске қосты», - деді Қ.Алтынбеков.

Жоба бойынша Шымкент әкімдігі 2 мыңға жуық тұрғынға қолдау көрсету үшін 2 млрд. теңге субсидия бөледі. Сондай-ақ, Ұлттық Банктің қаулысымен Шымкент қаласы үшін тұрғын үйдің ең жоғарғы құнының мөлшері 25 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды.

7-20-25-ке 11 қыркүйектен бастап Қазақстан Халық Банкі  және ForteBank қосылды. Осылайша, өтінімдерді 7 банк-серіктес қабылдайды: Бұлар: Центркредит банкі, АТФБанк, Цеснабанк, BankRBK, Евразиялық банк, Халық банкі және ForteBank.

«Екінші тұрғын үй нарығы объектілерін ипотекалық несиелендіру мақсатында Баспана «Баспана Хит» жаңа өнімін іске қосады. Бастапқы жарна - 20% құрайды, жылдық мөлшерлемесі - Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі + 1,75%. Несие мерзімі 15 жылға дейін», - деді ол.

Қазіргі уақытта Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі 9% құрайтынын ескере отырып, «Баспана Хит» өнімінің жылдық бағамы 10,75% көлеміне есептелген.

«Өздеріңіз білетіндей, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тек бірінші тұрғын үй нарығындағы, яғни жаңа баспананы сатып алуға болады. «Баспана» компаниясы осыны ескере отырып, «7-20-25» бағдарламасынан бөлек, екінші тұрғын үй нарығындағы баспананы несиелеуге бағытталған арнайы өнім əзірледі. Бұл бағдарлама «Баспана хит» деп аталады"», - деді ол.

Қайрат Алтынбеков жаңа бағдарламаның шарттары туралы да айтып өтті.

«Бастапқы жарна баспана бағасының 20 пайызынан басталады. Пайыздық мөлшерлемесі - Ұлттық банктің базалық ставкасы + 1,75 пайызды құрайды. Қазіргі таңда Ұлттық банктің базалық ставкасы - 9 пайыз. Сəйкесінше, аталған бағдарламаның пайыздық мөлшерлемесі 10,75 пайызды құрайтын болады. Несие мерзімі - 15 жылға дейін», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика