Басқару

Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болып тағайындалды

ҚР Президентінің Жарлығымен Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы Астана қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы11 Қыркүйек , 11:32

1971 ж. қарашаның 29 Алматы қаласында дүниеге келді.

1994 ж. Қазақ ұлттық техникалық университетін «Робототехникалық кешендер және жүйелер» мамандығы бойынша үздік бітірді.

1995 ж. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.

1994—2002 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде басқару жұмыстарын атқаруда.

2002 ж. қыркүйектен бастап 2003 ж. маусымға дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.

2003 ж. маусымнан бастап 2006 ж. ақпанға дейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-министрі қызметіне тағайындалды.

2006 ж. ақпаннан бастап 2007 ж. қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы болып қызмет істеді.

2007 ж. қаңтардан бастап — Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.

2007 ж. тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2010 жылғы 13 наурыздан - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2012 жылғы 21 қаңтар - 2013 жылғы 6 қараша аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2013 жылғы 6 қарашадан - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.

 

 




Яндекс.Метрика