Басқару

Елбасы Қарағандының өнеркәсіп кәсіпорындарын аралады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қарағанды06 Қыркүйек , 17:11

Сапар барысында Қазақстан Президенті бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын аралап, өңірдің инфрақұрылымдық даму жоспарымен танысады.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік және мәдени нысандарда болып, Қарағанды облысын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізеді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Maker» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қарағанды құю-машина жасау зауытына барды.

Қазақстан Президенті роботтандырылған заманауи құрылғылармен және автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған жаңа машина жасау зауытының өндірістік үдерісімен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа облыстағы инвестициялық жобалардың іске асырылу жоспары баяндалды, сондай-ақ «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыстары таныстырылды.

Сонымен қатар, Елбасы кәсіпорын ұжымымен және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттерімен әңгімелесті.

Мемлекет басшысы экономиканы дамытудың заманауи үрдісіне сай дуалды білім берудің және кадрлар даярлаудың маңыздылығын айтты.

Соңында Қазақстан Президенті жас мамандарға жұмыста зор табысқа жетуге тілектестік білдірді.

 




Яндекс.Метрика