Өңірлер

Түркістан облысында қандай жаңашылдықтар енгізілуде

Түркістан облысында көлік саласы бойынша жол картасы жасалынып, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және «Зерде» АҚ-мен келісілім орнатылған. Бүгінгі күні көлік компаниялары мен инвесторлар арасында электронды билетті енгізу туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, Түркістан облысында цифрландыру жүйесін дамыта түсу мақсатында білім беру саласы бойынша педагогикалық құрамды жинақтау процесі автоматтандырылған.Өңірде жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Астана қаласы25 Шілде , 09:25

Пилотты жоба Түркістан қаласындағы № 1А бағытындағы қоғамдық көліктерге енгізіледі. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараев мәлім етті. 

Соныман қатар, бір уақытта GPS трекеры арқылы электронды билет жүйесі орнатылатын болады.

«Аталған пилоттық жоба аяқталған соң қалған барлық қалаішілік бағыттағы 21 автобусты қамту жоспарлануда.  Ал электронды билет жүйесі  енгізілген автобустардың жалпы саны 270-ті құрамақ. Сондай-ақ, Түркістан қаласында инвесторлар есебінен 1 «ақылды» аялдама және 5 жарнама стэлін орнату жобалануда», - деді Бастар Әуелханұлы. 

Бұдан өзге, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап облыс орталығы Түркістан қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында тұрақты түрде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған 20 бейнебақылау камераларын орнату көзделуде.

Сонымен қатар, Кентау қаласында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуші 10 бейнекамера және 2 интеллектуалды жол қиылысын орнату жоспарланған.

Түркістан облысында цифрландыру жүйесін дамыта түсу мақсатында  білім беру саласы бойынша педагогикалық құрамды жинақтау процесі автоматтандырылған.

 Облыс бойынша  жұмыс іздеу және жұмыссыздық пайызын төмендетіп, қолжетімділікті және қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін «jumys.sitcen.kz» жүйесі енгізілді. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараев мәлім етті. 

Оның айтуынша, бұрын педагогикалық лаузымға үміткерлер мен педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектері бос орындар туралы мәлімет алу үшін әр мектепті аралау қажет болатын болса, электронды жүйе арқылы өтінішті онлайн-режимде тапсырып, ашық конкурстық іріктеуден де өтуіне мүмкіндік береді

«Бүгінгі таңда жүйеде 2500-ге жуық пайдаланушыса болса, онда 500-ге тарта бос жұмыс орны орналастырылған. Қазір жоба арқылы 26 өтініш түсіп отыр. Бұдан өзге, облыс бойынша 456 639 бала санымен 901 жалпы білім беру мектептері бар. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша мектептерге бірінші сыныпқа қабылдау процесінің автоматтандырылған  mektep.sitcen.kz порталы іске қосылды», - деді Бастар Әуелханұлы. 

Сондай-ақ, «Мектепке дейінгі  білім беру мекемелеріне кезекке қою және жолдама беру» процесін автоматтандыру жүйесі 358 мекемені қамтып отыр. Басқа аудандар мен қалаларда жұмыстар жүргізілуде. Аталған жүйелер түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойып, азаматтар үшін барынша ашық түрде және қолайлы болуын қамтамасыз етеді.

«Бүгінгі таңда орта білім беру салаларында мемлекеттік-жекеменшік ынтымақтастық аясында «Күнделік» электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» енгізілуде. Қазір 901 мектептің 87 пайызы жобаға тіркеліп, жұмыс жүргізуде», - деді Бастар Есқараев.  

Ағымдағы жылы Түркістан облысында цифрлық білім беру ресурстарын енгізу аясында 1500 BilimBook ноутбуктарын және 200-ге жуық интерактивті панелдерін сатып алынып, нәтижесінде оқушыларды компьютерді қамту деңгейі едәуір артатын болады. 

Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлері жергілікті тұрғындарға проактивті қызметті алу бойынша түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізудің нәтижесінде көрсеткіш өсіп келеді.

 Мәселен, жыл басынын бері Түркістан облысында 10 мыңнан аса жаңа босанған әйел сәбилерінің туу туралы куәлігін проактивті әдіспен, яғни SMS-хабарлама арқылы рәсімдеген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі жазады.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, мекеме мамандары тарапынан «Проактивті өмірді таңда!» атты акциясы барысында 400-ден аса нәзік жандыға аталған қызмет түрі бойынша кеңес берілді. Проактивті қызметті тұрғындар арасында насихаттау үшін  болашақ аналарға нұсқаулығы бар ақпараттық парақшалар таратылып келеді.

Айта кетерлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аналарға бала туу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен алу жобасын жаңа жыл қарсаңынды іске қосқан болатын. Содан бері баланың туу және басқа да тиісті қызметтерді тіркеу туралы өтініштер ата-аналардың келісімімен SMS-хабарлама арқылы автоматты түрде жүзеге асырылуда. Бұл қызметтер уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері арқылы орындалады.  

Проактивті қызметті «Мобильді азаматтар» базасына тіркелген ел тұрғындары ғана қолдана алады. Оны мемлекеттік корпорацияның кез-келген фронт-офисінде немесе электрондық үкімет порталындағы  жеке кабинетте ЖСН-ді ұялы телефонға байланыстыру арқылы жүзеге асыруға болады.

Бұдан өзге, қазіргі таңда телефон арқылы шот нөміру арқылы жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақша кезегіне тұруға мүмкіндік бар. Халыққа қызмет көрсету орталығына дайын болған куәлікті алып кету үшін ғана барып не үйге жеткізу қызметін пайдаланған абзал. 

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика